Қазақстан • 03 Шілде, 2024

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Астанаға келді

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Садыр Жапаров 3-4 шілдеде өтетін ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді. Қырғызстан Президентін ҚР Үкіметінің басшысы Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Астанаға келді

Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

ШЫҰ саммиті аясында Орталық Азия бойынша, оның ішінде энергетика, қауіпсіздік және тағы басқа салалардағы әлемдік ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Бұған дейін Қазақстанға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурелсуха, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келген еді.

Еске сала кетейік, 2 шілдеде Астанаға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келді. Оны әуежайдан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде қарсы алғаны хабарланды.

Айта кетерлігі, Си Цзиньпин Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.