АСТАНА. 26 сәуір. Соңғы деректер бойынша, Непалдағы жойқын жер сілкінісінен қаза болғандар саны 2 мыңнан асты, 4 мыңға жуық адам жарақат алған. Бұл туралы rbc.ru хабарлады.
Соңғы 80 жылда болмаған алапат зілзала Непалда 25 сәуір күні орын алды. Магнитудасы 7,9 балды құраған жер асты дүмпулерінің ошағы ел астанасы Катмандудан 80 шақырым жерде орналасқан екен. Сонымен қатар, жер сілкінісі Қытай, Үндістан мен Бангладеште сезілген. Ал Гималай тауындағы Эверест шыңында жер сілкінісі қар көшкінінің болуына ықпал етіп, 65 альпинист қаза тапқан. Жер сілкінісі кезінде ондағы альпинистер базасында жалпы 1 мыңға жуық адам болған көрінеді.
Қаза болғандардың мәйіттерін іздеуге құтқарушылардан бөлек, еріктілер мен Қызыл крест ұйымының қызметкерлері жұмылдырылды. Кейбір аудандарда техника қозғалысына қиындық тууына байланысты адамдар қирандыларды өз беттерімен жинастыруға мәжбүр.
Айдар Өрісбаев.
Дерек: rbc.ru.
Сурет: reuters.com.

Еуроодақ Израильге қарсы санкция енгізбек
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды
Қоғам • Кеше
12 метрлік құдыққа құлап кеткен бала құтқарылды
Оқиға • Кеше
BaiQymyz фестивалі: Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды
Дәстүр • Кеше
Елордада екі шаруашылық құрылысы өртенді
Оқиға • Кеше
Қарағандыда 10 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Кеше