Фото: Ақорда
«Ресми келіссөздер соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің алдында опера әншісі Майра Мұхамедқызы мен әнші Димаш Құдайберген өнер көрсетті», делінген хабарламада.
Екі ел басшылары қазақстандық танымал әртістердің өнерін жоғары бағалағаны атап өтілді.
Бұған дейін жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Бірлескен мәлімдемеге қол қойғаны хабарланған болатын.