11 Маусым, 2015

Петропавлда 160 көп қабатты тұрғын үй ыстық сусыз отыр

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11.06.2015 SKO-2ПЕТРОПАВЛ. 11 маусым. Жаз басталғалы облыс орталығының тұрғындары ыстық судан қатты тапшылық көруде. Басты шағынаудандарда апталап болмайтын кездер кездеседі.  Ал, Алтынсарин, А. Шәшімбаев көшелерінде тұратын тұрғындар бір айдан бері ыстық суға қол жеткізе алмай келеді. Бұл туралы egemen тілшісі хабарлады. 11.06.2015 SKO-3Біз ыстық судың не себепті үзіліспен берілетінін білу мақсатымен қалалық әкімдікпен хабарласқанымызда, ондағылар «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС-не сілтеді.  Серіктестіктің бас директоры Игорь Рыбастың айтуынша, Алтынсарин және Шәжімбаев көшелері қиылысындағы су құбырларын ауыстыру 25 мамырда басталыпты.  Жаңғырту жұмыстарына 800 миллион теңге қарастырылыпты. «№ 1 жылу магистралын күрделі жөндеуден өткізбесе болмайды. Өйткені, оның бойынан 40 жуық үлкенді-кішілі ақау табылып отыр. Сондықтан жұртшылықтың түсіністікпен қарағандары жөн», дейді И. Рыбас. Диаметрі 1000 мм. жаңа құбырларды орналастыру күзге дейін жалғасады.  Ол үшін 10,7 шақырым жылу жүйесін қалпына келтіру міндеті тұр. Үштен бірі ауыстырылыпты.  Сол себепті 160 көп қабатты тұрғын үйге ыстық су беру тоқтатылған. Жөндеу жұмыстарына 12 бригада, 60-тан астам техника тартылған.  Жылу жүйелерін дамытуға биыл 2,5 миллиард теңге бағытталмақ. Өмір Есқали. Дерек, сурет: egemen.kz