11 Маусым, 2015

Солтүстік Қазақстанда маскүнемдерді емдеу орны жетіспейді

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11.06.2015 SKO-4ПЕТРОПАВЛ. 11 маусым.Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында нашақорлық, маскүнемдік сияқты қоғамдық кеселдермен күрес мәселелері сөз болды. Бұл туралы egemen. kz тілшісі хабарлады. 11.06.2015 SKO-5Өңірде 4 мыңнан астам маскүнем тіркеуге алынса, олардың   төрттен бірі есірткіге тәуелді. Жыл басынан бері 2 мыңға жуық «ащы суға» әуес адам бейімдеу және уытсыздандыру орталығына жеткізіліп, тиісті медициналық көмек көрсетілген. 75 адам еріксіз емделсе, 159 адам арнайы емдеу курсынан өткен. Биылғы жағдай да көңіл көншітерлік емес. 129 адам диспансерлік есепке алынған, олардың бесеуі – маскүнем және нашақор.  Ішкі істер департаменті мен денсаулық сақтау басқармасында тіркеуде тұрған психотроптық заттар мен алкогольды ішімдікке бейім жандардың санында елеулі айырмашылық барын атап көрсеткен облыс прокуроры Степан Зайтлер есеп-қисапты тәртіпке келтіруді талап етті. Биылдың өзінде ғана нашақорлық және есірткі бизнесі бойынша 189 қылмыс ашылып, заңсыз айналымнан 9 килограмм есірткі заттарының алынуы біраз жайтты аңғартса керек. Әкімшілік полициясы басқармасы басшысының орынбасары Сайлаубек Мусин Благовещенка ауылында орналасқан наркологиялық орталықта орындардың тапшылығынан мәжбүрлеп емдеу туралы сот шешімдері уақтылы орындала бермейтінін жеткізе келіп, кереует санын көбейтуді өтінді. Өмір Есқали. Дерек, сурет: egemen.kz