Оқиға • 04 Шілде, 2024

Ақтауда ер адам жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасады

79 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 маусым күні Ақтауда түн ортасы шамасында ер адам жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда ер адам жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасады

Фото: Ақтөбе облыстық ПД

Бұл туралы Lada.kz сайтына оқиға куәгері айтып берді.

Соққы нәтижесінде дәрігердің миы шайқалған, периорбитальды гематома, бетінде көптеген көгерулер болған.

Облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз қызметі дәрігерлер зардап шегушіні тексеріп, амбулаторлық емдеуге жібергенін хабарлады.