Қоғам • 04 Шілде, 2024

Полиция алаяқтықтың жаңа жүйесін анықтады

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі алаяқтықтың жаңа схемасын анықтап, тұрғындарды сақтыққа шақырды, деп жазады Egemen.kz.

Полиция алаяқтықтың жаңа жүйесін анықтады

Фото:orda.kz

Полиция дерегінше алаяқтар өзін жақын адамы ретінде таныстырып, қомақты қаржы сұрайды. Мамандар осындай жағдайға тап болғанда ақпараттарды нақтылап сұрауға кеңес береді.

«Қаражат не үшін қажет екенін және ақшаны қандай шотқа аудару керек екенін сұраңыз. Сізге РБК картасы немесе шот нөмірі жіберілуі мүмкін. Егер сіз өзге банк шотына, мысалы Каспий арқылы аударуды ұсынсаңыз, тиесілі банктегі карта қайта шығарылымда деп жауап береді», делінген ІІМ хабарламасында.

Сондай-ақ танысыңыздың атын жамылып қаржы сұрағанда, сол кісінің өзіне тікелей қоңырау соғу керек.

«Алаяқтар қылмыстық схемаларын осылай жүзеге асырады. Олар фишинг арқылы мессенджерлерге қол жеткізіп, ұқсас хабарламаларды жолдайды», деп түсіндірді ІІМ баспасөз қызметі.