21 Қаңтар, 2015

Бас прокуратура тексеріске кірісті

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бас прокуратура сотқа дейінгі тергеудің барысында материалдар мен қылмыстық істер бойынша процес­суал­дық шешімдерді қабылдауда жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-іс жүр­гізу кодекстерге көшу жөніндегі ере­желерді сақтау үшін қабылданып отыр­ған шаралардың заңдылығына, то­лық­тығына және уақтылы жүргі­зі­летіндігіне тексерісті бастады. Бас прокуратураның жұмыс топтары жаңа құқықтық актілерді қолданудың проблемалық мәселелерін анықтау, жаңа жағдайдағы құқықтық жүйенің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етудің қажетті шараларын қабылдау мақсатында Ақ­төбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қос­­танай облыстарының құқық қорғау жә­не арнайы органдарын тексеруге кірісті. Тексеріс нәтижелері Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қар­сы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үй­лестіру кеңесінің отырысында талданатын болады, деп хабарлады Бас про­куратураның баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар