Қоғам • 05 Шілде, 2024

Алғашқы метро

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тарихи деректерге сүйенсек, адамдар осыдан бірнеше ғасыр бұрын жер астына жол салған. Десек те жер ас­тындағы көліктік жүйені XIX ға­сыр­да алғаш рет Англияда қолға ала бастады.

Алғашқы метро

Сол кездері Лондон қаласы қарыштап дамып, тұрғындар да күн санап өсті. Көше қиылыстарында бұрын-соңды болмаған кептелістер көбейді. Адамдар амалдың жоқтығынан жаяу жүруге мәжбүр еді. Сондықтан 1855 жылы қала әкімшілігі жер­асты көлік жүйесін салу туралы құ­жатқа қол қояды. Метроны салумен «Metro­politan Railway» компаниясы айналысады. Сегіз жылдан соң, яғни 1863 жылдың 10 қаңтарында тұңғыш метро қолданысқа беріледі. Бірінші бағыт жеті стансадан тұрып, 3 600 метрге созылған. Міне, әлемдегі алғашқы метроның тарихы осындай.