ПЕТРОПАВЛ. 11 маусым. Облыстық жетім және ата-ананың қарауынсыз қалған балалар мектеп-интернаттың командасы баскетболдан өткен республикалық чемпионатта «Үміт» кубогын иеленді. Бұл туралы облыстық білім басқармасының мамандары хабарлады.
Байрақты бәсеке Ақмола облысының Щучье қаласында өтіп, үш топқа бөлінген он сегіз команда өзара күш сынасты. Аса тартысты өткен дода барысында Петропавл, Қостанай және Астана баскетболшылары бас жүлдені сарапқа салды. Қос қарсыласын 72:32 және 66:60 есептерімен ұтқан Солтүстік Қазақстан облысы тәрбиеленушілерінің мерейі үстем болды. Темірлан Әубәкіров “Чемпионаттың ең шебер ойыншысы” атанып, теледидар табыс етілді.
«Наталья Рогозинаның шебер жаттықтыруы арқасында қыздар мен ұлдар командалары мектеп оқушыларының қалалық спартакиадасында жеңіске жеткен болатын. Енді, міне, Темірғали Маекенов басқаратын “Халық банкі” АҚ облыстық филиалының демеушілік сенімін ақтап, екінші жыл қатарынан «Үміт» кубогының иегері атанды», дейді жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған мектеп-интернаттың директоры Ризабек Кәкпенов.
Өмір Есқали.
Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы.
• 11 Маусым, 2015
Солтүстік Қазақстан тәрбиеленушілері «Үміт» кубогын» жеңіп алды

Қоғам • Кеше
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Кеше
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Кеше