Қазақ жерінің әр өңірінде отандастарымыз ғана емес, шетелдіктерді де қызықтыратын туризмнің таңдаулы орындары жетерлік. Сондай тарихи һәм археологиялық орынның бірі – Сарайшық қалашығы. Оның тарихы шым-шымдап елге тарала бастағанына он бес жылдың жүзі ауды. Осы кезең ішінде «Хан ордалы Сарайшық» тарихи-мемориалдық кешенін басқарып, қызығушылық танытқан жандарға арғы тарихтан көсілте сыр шертетін шежіреші Молдаш Бердімұратов жақында Инвестициялар және даму министрлігінің «Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы туризм бөлімінің басшысы Қарлығаш Бекбаева мен облыстық тарихи-өлкетану мұражайы экскурсия бөлімінің меңгерушісі Оксана Әлжанова аталған министрліктің Құрмет грамотасын иеленді.
Бұл марапаттарды мұнайлы Атыраудың тарихы мен табиғатын, туризм саласындағы тартымдылығын кеңінен насихаттап, туристер ынтасын оятуға елеулі үлесін қосқандарға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев табыстады. «Сарайшықтың ел тарихында алар орны ерекше. Сол себептен биыл Сарайшық туралы кино түсіріледі. Қасым ханның дәуірінде қазақ хандығының астанасы болған, ұзындығы – 10, ені 8 шақырымға созылған, айына 700-ге жуық керуен тоқтаған қала сол кезде туристік орталыққа айналған. Сол тарихи қала – Сарайшық қазірде де туризмнің орталығы бола алады. Бұл үшін алдымен Жайық өзенінің жағасын бекітіп, қазба жұмыстарын жалғастыру қажет», дейді «Хан ордалы Сарайшық» тарихи-мемориалдық кешенінің директоры Молдаш Бердімұратов.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
Атырау облысы.

Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 08:42
Қазақ тазысы World Dog Show 2026 көрмесінде топ жарды
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Алан Құрманғалиев Швециядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:21
Еуроодақ Израильге қарсы санкция енгізбек
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды
Қоғам • Кеше
12 метрлік құдыққа құлап кеткен бала құтқарылды
Оқиға • Кеше
BaiQymyz фестивалі: Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды
Дәстүр • Кеше
Елордада екі шаруашылық құрылысы өртенді
Оқиға • Кеше