21 Қаңтар, 2015

Қазақ университетінің әлемдік мерейі

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Әлем университеттері консорциумына (World University Consortium) мүше болды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Әлем университеттері консорциумының (WUC) толық­қанды мүшесіне айналды. Еліміздің білім беру саласының мойындалған көшбасшысы өзінің жоғары беделі мен халықаралық талаптарға сай дәрежесін тағы бір дәлелдеді. Әлем университеттері консорциумы ғаламның жетекші ЖОО-лары мен ғылым мен білім беру саласындағы халықаралық ұйымдарды біріктіреді. Оның міндеті адамзаттың маңызды мәселелерін шешудегі университеттердің рөлін арттыру, қолжетімді және сапалы білімді жан-жақты қолдау, білім беру жүйелерін жетілдіру болып табылады. Әсіресе, студенттер әлеуетін арттыруға, олардың теориядан алған білімдерін іс жүзінде қолдануына ерекше көңіл бөлінеді. Айта кетерлігі, әр мемлекеттен тек бір ғана университет осы консорциумға мүше бола алады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – жаһандық халық­ара­лық білім беру қауымдастығына мүше болу мәр­те­бесіне ие болған Орталық Азиядағы алғашқы және жал­ғыз университет. Соңғы жылдары ЖОО жетекші рейтингтерінде қарқынмен алға жылжуда, халықаралық ынтымақтастықты кеңейте отырып, әлемдік деңгейдегі форумдар мен конференциялар өткізуде. WUC мүшесі бола отырып ҚазҰУ енді әлемнің атақты ЖОО-ларының ғана емес, Бүкіләлемдік өнер және ғылым ака­­демиясы, Халықаралық Жасыл Крест, Халықаралық уни­­верситет президенттерінің қауым­дастығы, Мәдени дип­ломатия институты, Алек­сандрия кітапханасы және бас­қа да беделді ұйым­дардың әріптесі болып табылады. Бұл әлемде Қазақ­станның жоғары білім беру жүйесінің имид­жі мен бәсекеге қабілеттілігін көтеруге сөзсіз ықпал етеді. Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.