Мақала авторының жазуынша көрермен назарына алғаш рет ұсынылып отырған бірегей құнды жәдігер – бұрама қағаз түрінде жасалған пайғамбарлар шежіресі. Ұзындығы – 4 м, 45 см құрайтын шежіренің ені – 25 см.
Сондай-ақ көрмеге орама қағаз түрінде жасалған ерекше қолжазба Құран нұсқасы (ұзындығы – 9 м, 50 см., ені – 2,5 см.) қойылып, 114 сүре мәтіні өте ұсақ әріптермен бөлек-бөлек теріліп берілген екен.
«Хронологиялық тұрғыдан қарастырар болсақ, қордағы Құранның ең көнесі 1054 һижри/1643 миләди жылдары жарық көрген. Олардың дені Шығыстың көне қалалары Ыстанбұл, Мумбай, Мысыр баспаханаларында, Ресейдің Петербор, Қазан сияқты ірі орталықтары мен Омбы, Орынбор, Ташкент, Самарқан шаһарларының көне баспаларында басылып шыққан», деп жазады автор.
Мақалада көрмеге келген көпшіліктің қызығушылығын тудырған бірнеше кітаптар да айтылады.
Автор мақаласын: «Қазіргі уақытта түрлі ағымның жетегінде кеткен жас буынды ислам мәдениетімен сусындатуда осындай шаралардың маңызды рөл атқаратынын атап өткен Мемлекеттік Орталық музей директоры Рашида Харипова, ислам бүкіл адамзаттың рухани кемелденуіне және мәдениеті мен өркениетінің дамуына зор үлес қосқанын, музей қорындағы құнды жәдігерлерге шетелдік ғалымдар мен дінтанушылар айрықша қызығушылық танытып отырғанын жеткізді», деп аяқтаған.
Мақаланың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.