21 Қаңтар, 2015

Египетте құс тұмауы өршіп тұр

298 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Шарайна шар1Египеттік бір әйел Н5N1 құс тұмауынан қайтыс болды. Осылайша, жыл басынан бері осы елдің бес азаматы аталмыш аурудың құрбанына айналып отыр. 2014 жыл ішінде мұнда осы вирусты жұқтырған 11 адамның қаза болуына байланысты бұл жағдай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алаңдаушылығын туғызып отыр. ДДСҰ өкілдерінің айтуынша, мемлекет аумағында шынымен де Н5N1 вирусын жұқтыру жағдайы жиілеп кеткен. Олардың сөздеріне қарағанда, ауру жұқтырғандар санының өсуіне маусымдық фактордың себеп болуы мүмкін. Өйткені, ауа райының салқын кезінде ауру қоздырғышы ұзақ өмір сүретін көрінеді. Оның сыртында, құс фермалары мен мал шаруашылығы жұмыскерлері аталмыш вирусты жұқтыруға бейім келеді екен. Бір тоннадан астам кокаин тәркіленді шар-контрабандаПанамада есірткі контрабандасына қарсы күрес шеңберінде 1,1 тоннадан астам кокаин тәркіленген. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, есірткі затының ірі партиясы Колумбиямен шекаралас жатқан Тигр аралынан табылған. Панама арнайы қызметінің мәліметтеріне қарағанда, кокаинды аралға Колумбиядан жүрдек катермен жеткізген. Контрабандашылар жүктерін тастай салып, өздері қашып кеткен көрінеді. Қазіргі уақытта оларды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Есірткі саудалаушылар Еуропа елдерінен АҚШ-қа есірткі партияларын жеткізу үшін Панама аумағын пайдалануға тырысады екен. Соған орай, Панама үкіметі соңғы жылдары АҚШ жағалау күзетінің қолдауымен контрабандашыларға қарсы күрес операцияларын айтарлықтай күшейте түсті. Twitter-ге тосқауыл қоямыз дейді шар2Түркия үкіметі әлеуметтік желінің оппозициялық газет аккаунтын жабудан бас тартуына байланысты елде Twitter-ге тосқауыл қоятындығын айтып, ескертіп отыр. Елдің Адана қаласының соты ақпарат агенттіктері мен газеттердің Сирия аумағына гуманитарлық көмек жеткізуді жазуына және оларға түсінік беруіне тыйым салған. Жергілікті БАҚ-тар қару-жарақ тиелген жүк көліктерінің Сирияға үкімет күштерімен күресу үшін жеткізілгенін жазған болатын. Түрік өкіметі бұл ақпаратты теріске шығарып отыр. Олардың айтуынша, керуен Сирияның бейбіт тұрғындарына гуманитарлық көмек жеткізген. Түрік билігінің пікірінше, жергілікті БАҚ-тардың мұндай қылығы ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Сондықтан да аталмыш тақырыпты жазуға тыйым салынып отыр. Сүңгуір қайық пен зымыран алуға ниетті шар6Польшаның қорғаныс министрлігі мыңдаған шақырым қашықтыққа жететін және дәлдігі 3-5 метрді құрайтын үш сүңгуір қайық пен қанатты зымырандар сатып алуға ниетті. Бұл туралы Польша радиосы хабарлаған. Осы мақсаттар үшін ел 8 миллиард злотых (шамамен 1,9 млрд.еуро) жұмсамақ. Алғашында екі жекелеген тендер өткізу көзделген болатын, бірақ қазір әскери ведомство қарудың екі түрін де бірден сатып алу жөнінде шешім қабылдаған. Айта кету керек, қазіргі уа­қыт­та Польшаның әскери-теңіз флотының қарамағында сонау 1960 жылдары жобаланған Kobben үлгісіндегі төрт сүңгуір қайық бар. Олландтың рейтингі күрт көтерілді шар5Франция президенті Франсуа Олландтың рейтингі Париждегі исламистер шабуылынан кейін күрт өсіп кеткен. Оған Француз қоғамдық пікірді зерттеу институтының мәліметтері айғақ болып отыр. Би-би-сидің Париждегі тілшісі Хью Скоуфильдтің атап өтуіне қарағанда, француз қоғамы Париждегі бірлік маршын ұйымдастырудағы рөлін және оның қаза тапқан үш полицеймен қоштасу рәсіміндегі сөйлеген сөзін қуаттап қабыл алған. Бұған дейін жұмыссыздықтың рекордтық деңгейі мен экономикалық өсімнің әлсіздігі аясында Олландтың рейтингі ең төменгі деңгейге дейін құлдырап кеткен болатын. Осы орайда, Парижде орын алған исламистер шабуылы салдарынан жалпы саны 17 адамның құрбан болғанын еске сала кету керек. Қытайды қалың қар басты CHINA/Айта беретін «орыс қысы» Қытайға «қонаққа келген» сыңайлы. Ресейдің бірқатар қалаларында қар еріп жатса, ҚХР-дің солтүстігінде үсті-үстіне қалың қар жаууда. Кейбір жолдар жабылып қалса, енді бір жолдарда бірнеше шақырымдарға созылған кептелістер орын алуда. Ең қауіпті деген аймақтарда жүздеген құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауына қарағанда, полицейлер де күшейтілген режімде жұмыс істеуде. Осыдан бір аптадай бұрын елдің оңтүстігінде де қалың қар жауған болатын. Мұзды жаңбыр мен қардан Юньнань провинциясына келген шығын кем дегенде 142 млн. долларды құрап, 600 мыңға тарта адам зардап шеккен. Сонымен бірге, жекеменшіктегі мыңдаған бас мал мен құс та қырылып қалған еді. Интернет материалдары негізінде әзірленді.