АСТАНА. 20 қаңтар. Орталық коммуникациялар қызметінде «Ғаламдық сынақтар кезеңі: жаңа сын-қатерлер» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары Ләззат Мұзапарова әлемдік экономикалық дағдарыстың бес негізгі себебін көрсетіп берді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Биыл басталғалы тұрған әлемдік экономикалық қиындық 2007-2009 жылдардағы жаһандық қаржылық-экономикалық дағдарыстың жалғасы болып табылады. Өйткені, жаһандық жүйенің түрлі кемшіліктері кесірінен туындаған 2007-2009 жылдардағы дағдарыстың мәселелері бүгінде де шешілмеген. Осы орында негізгі бес проблемаға тоқталғым келеді. Біріншіден, әлемдік нарықтарды орталықтандырып, реттеу мүмкіндігінің жоқтығы, екіншіден, әлемдік экономиканың нақты секторымен салыстырғанда қаржылық саланың озық дамуы. Бұның салдарынан ақша өндіріске емес, әлемдік нарықтардағы спекуляцияға түседі. Үшіншіден, шикізатқа баға қалыптасуының деформациясы мәселесі ықпал етті», – деді сарапшы.
Спикер бұлармен бірге, шикізат бағалары әлемдік қаржы нарықтарындағы ақша көлеміне көбірек тәуелді бола бастағанын да назарға алды. «Төртінші кемшілік – қазіргі қолданыста қаржылық жүйенің жұмысы. Бұл инвестициялық талаптардың бұрмаланған жүйесі, яғни ол әлемдік рейтингтік агенттіктердің объективсіз рейтингтеріне негізделген. Сондай-ақ, бесінші кемшілік – бұл дамыған елдердің шаруашылық субъектілері мен үй шаруашылықтарының шамадан артық несиелендірілуі және шектен тыс қарыздарға қызмет көрсетудің күрделене түсуі», – деді ол.
Нұрбай Елмұратов.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: «ҚазАқпарат».

Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 08:42
Қазақ тазысы World Dog Show 2026 көрмесінде топ жарды
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Алан Құрманғалиев Швециядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:21
Еуроодақ Израильге қарсы санкция енгізбек
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды
Қоғам • Кеше
12 метрлік құдыққа құлап кеткен бала құтқарылды
Оқиға • Кеше
BaiQymyz фестивалі: Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды
Дәстүр • Кеше
Елордада екі шаруашылық құрылысы өртенді
Оқиға • Кеше