Өнер • 09 Шілде, 2024

Димаш Құдайберген Астанада жеке концертін береді

842 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Іс-шара қыркүйек айына жоспарланған. Бұл туралы әнші әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Димаш Құдайберген Астанада жеке концертін береді

Фото: dimashnews.com

Танымал әншінің кеші 8-14 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары аясында ұйымдастырылады.

«Дүние жүзінің 100 ден астам мемлекетінен түрлі сайыстарға қатысу үшін 4 мыңнан астам спортшы келеді деп күтіледі. Осы әдемі мереке аясында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «ДимашАли» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Астана аренада» менің «Stranger» атты жеке концертім өтеді», деп жазды Димаш.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Экология • Бүгін, 11:17

Жүз жастан асқан кейуана

Аймақтар • Кеше