ПАВЛОДАР. 21 қаңтар. Еуразиялық топқа (ERG) кіретін «Қазақстан Алюминийі» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен басқарма төрағасы – акционерлік қоғамның президенті болып Арман Бекетұлы Есенжолов тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Сондай-ақ директорлар кеңесінің шешімімен кәсіпорынның жаңа ұйымдық құрылымы қабылданды. Ал, кәсіпорынның бұрынғы басшысы Алмаз Ибрагимов «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-та ары қарай кәсіпорын құрылымында жұмысын жалғастырады.
51 жастағы Арман Есенжолов Мәскеудегі болат және қорытпа институтын «Қара металдар металлургиясы» мамандығы бойынша бітірді, М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде Іскер әкімшілік шебері біліктілік дәрежесін алды. Техникалық ғылымдардың кандидаты және ғылыми дайындамалардың авторы, патенттері мен авторлық куәліктері бар.
Арман Бекетұлы Еуразиялық Топ құрылымында 30 жылға таяу жұмыс атқарды. Ол жұмысын 1986 жылы Еуразиялық топ құрамындағы ««Казхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытында бастады. Осы жерде кәсіпорынның бас инженеріне дейінгі кәсіби өсу жолы баспалдағынан өтті. Әр жылдары лауазымды қызметтерді атқарды. 2014 жылдың қыркүйегінде «Қазақстан Алюминийі» АҚ-ның бірінші вице-президенті болып тағайындалған болатын.
Фарида Бықай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: fedpress.ru.

Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 08:42
Қазақ тазысы World Dog Show 2026 көрмесінде топ жарды
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Алан Құрманғалиев Швециядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:21
Еуроодақ Израильге қарсы санкция енгізбек
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды
Қоғам • Кеше
12 метрлік құдыққа құлап кеткен бала құтқарылды
Оқиға • Кеше
BaiQymyz фестивалі: Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды
Дәстүр • Кеше
Елордада екі шаруашылық құрылысы өртенді
Оқиға • Кеше