АСТАНА. 21 қаңтар. Елімізде өткен жылы 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда тіркелген қылмыстар деңгейі 5,2 пайызға (359 844-тен 341 291-ге) азайды. Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қылмыстың барлық түрлері бойынша төмендеу байқалды, оның ішінде аса ауыр қылмыстар – 18,2 пайызға (2629-дан 2150-ге), ауыр қылмыстар – 17,4 пайызға (33 836-дан 27 941-ге), ауырлығы орташа қылмыстар – 2,8 пайызға (279 389-дан 271 592-ге), ауыр емес қылмыстар 10 пайызға (43 990-нан 39 608-ге) азайған.
Мемлекеттік органдардың қылмыстың профилактикасы бойынша іс-әрекеттерін үйлестіру олардың негізгі құрылымын құрайтын қылмыстардың төмендеуіне мүмкіндік берді. Мәселен, өткен жылы ұрлық жасау –1,5 пайызға, оның ішінде үйге ұрлыққа түсу – 2,9 пайыз, бұзақылық –15 пайызға, ал тонау 24 пайызға азайған, қылмыстың бұл түрлері елімізде жасалған барлық қылмыстардың 72 пайызын құрайды.
Сондай-ақ, алкогольдік ішімдікке және есірткіге мас болу жағдайында жасалған қылмыстар – 4,3 пайызға, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар –16,9 пайызға азайса, көшеде жасалған қылмыстар – 10,5 пайызға, ал қайталама қылмыстар – 7,2 пайызға төмендеген.
Сол сияқты, әлем бойынша нақты криминогенді жағдайға баға беретін индикатор болып саналатын қылмыстардың да төмендегені байқалады. Мәселен, кісі өлтіру саны 19,3 пайызға, қарақшылық 29,7 пайызға кемісе, бопсалау 19,2 пайыз азайған.
Қоғамдағы нақты қылмыстылық ахуалын көрсететін дәл осы қылмыстар. Астана, Алматы қалалары және Солтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда, қылмыстың азаюы еліміздің барлық өңірлерінде байқалады.
Жолдыбай Базар.
Дерек: Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің
баспасөз қызметі.
Сурет: prokuror.gov.kz.

Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 08:42
Қазақ тазысы World Dog Show 2026 көрмесінде топ жарды
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Алан Құрманғалиев Швециядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:21
Еуроодақ Израильге қарсы санкция енгізбек
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды
Қоғам • Кеше
12 метрлік құдыққа құлап кеткен бала құтқарылды
Оқиға • Кеше
BaiQymyz фестивалі: Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды
Дәстүр • Кеше
Елордада екі шаруашылық құрылысы өртенді
Оқиға • Кеше