Фото:astanatv.kz
Нәтижесінде Атырау қаласының бір бөлігі мен Қызылқоға, Махамбет аудандарында электр қуаты сөніп, тұрғындар 5 сағаттан астам уақыт бойы жарықсыз отырған.
«Сағат 11:05 шамасында апаттың алдын алу үшін автоматика іске қосылып, 110/35 кВ құрайтын бірқатар желі ажыратылған еді. Оған Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы қуаттың тапшылығы әсер етіп отыр. Атырау облысының энергожүйесінде технологиялық өзгеріс болмас үшін кестеге сәйкес «Атырау Жарық» АҚ желілеріндегі кәсіпкерлік қызметке шектеулер енгізілді. Салдарынан Атырау облысындағы Махамбет, Қызылқоға аудандары мен Атырау қаласының сол жақ бөлігі жарықсыз қалды», деп хабарлады женргетикалық кешеннің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, сағат 15:33 шамасында барлық абонент жарықпен толық қамтамасыз етілген.