ОРАЛ. 11 маусым. Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Долинск ауылдық округіндегі Чапаев орта мектебіне бұрынғы түлегі «Газель» автокөлігін сыйлады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мектептің биылғы бітірушілерін шығарып салу кешіне бұрынғы түлектер С.Еркебаев пен А.Савран арнайы қатысты. Алтын ұя мектептеріне ат басын бұрған олар ұстаздар қауымы мен жерлестерін құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Салтанатты шара барысында С.Еркебаев үш мұғалім мен үш оқушыға өз атынан стипендия табыс етті. Одан бөлек, ол өзі түлеп ұшқан мектебіне, жоғарыда айтқанымыздай, «Газель» автокөлігін сыйлады.
Ауылдастары өнегілі ісімен көпке үлгі болған жомарт жерлестеріне алғыс айтып, ісіне табыс тіледі.
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Cурет: zhaikpress.kz.
• 11 Маусым, 2015
Батыс Қазақстанда бұрынғы түлек мектебіне көлік сыйлады

Қоғам • Кеше
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Кеше
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Кеше