Көлемді мақала қазақ бейнелеу өнерінің белгілі өкілі Құттыбек Жақыптың шығармашылығы туралы баяндайды.
Құттыбек Жақып - белсенді ізденісімен ерекшеленіп, қазақ бейнелеу өнеріне тың инновация алып келген шығармашыл тұлға. Өз ісінің нағыз шебері елімізде алғаш рет терінің түкті жағына түктерді қыру мен ою арқылы композиция жасап, ал түксіз жағына майлы бояумен сәндік бейнелеу әдісімен кескіндеме салған.
«Құттыбек елімізге о басында гобелен шығармашылығымен танымал болғанымен, оның көркем өңдеу арқылы теріні станоктық картина деңгейіне дейін көтеру еңбегін көпшілік қауым қазіргі кездегі бейнелеудегі жаңашылдық ретінде біле бермейді. Құттыбектің соңғы кездегі шығармашылығына тән жаңашылдық – малдың терісін өнер материалы ретінде, бейнелеу мүмкіндігі ретінде тануы. Шебердің жиі қолданатын материалы – қара малдың тұтас терісі», деп жазды мақала авторы.
Қуандық Ералин суретшінің туындылары мен идеяларына, стилі мен шеберлігіне тоқтала кетті.
«Теріні көркем өңдеу мен оны композициялық шығармашылыққа, образдық деңгейге дейін көтеру нәтижесі әділетті Қазақстан идеясының еліміздің бейнелеу өнеріндегі жаңа басталып келе жатқан көркемдік іс-әрекет бағытын көрсетеді. Теріні көркем өңдеу мен оны стилизациялық-образдық деңгейге көтеру – Құттыбек Жақыпқа тән жаңашылдық жол», дейді автор.
Мақаланың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.