Оқиға • 10 Шілде, 2024

Атырауда 3 көлік соқтығысты

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласының Сәтпаев көшесі бойында үш көлік соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 3 көлік соқтығысты

Фото: Видеоскрин, azh.kz

Аталған оқиға 10 шілдеде сағат 02:00 мұғдарында болған. Оқиға салдарынан ВАЗ 2114 көлігінің жолаушысы сол жерде жедел-жәрдем көмегіне жүгінген. 

Ақ Жайық порталы таратқан ақпаратта: «Атырау қалалық полиция басқармасының мәліметінше, ВАЗ 2114 автокөлігі оң жағында келе жатқан «Ларгус» автокөлігіне, алдында тұрған екінші ВАЗ 2114 автокөлігіне соқтығысқан», делінген.