АТЫРАУ. 21 қаңтар. Отандық темір жол саласының Атыраудағы бөлімшесінде жұмыс жасайтын бір топ теміржолшының қатысуымен түсірілген бейнебаян ғаламторға жарияланып, әлеуметтік желілерді қолданушылардың ықыласына бөленді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ғаламтордағы бейнебаянда темір жол саласында әр түрлі мамандық бойынша жұмыс жасайтын жігіттер «One Direction» тобының «What Makes You Beautiful» әнін орындайды. Олар осы әнді орындаумен шектелмей, бейнебаян түсірген. Бір таңданарлығы, бейнебаянға түсіп, ән орындаған теміржолшылар әр түрлі мамандықты меңгеріпті. Мәселен, Бекжан Жиенбетов диспетчер, Абзал Ғаббасов директордың көмекшісі, Азамат Бекқожиев оператор болса, Артур Әбдіров машинистің көмекшісі, Қартан Бауыржан кадр бөлімінің басшысы болып жұмыс жасайды. Бейнебаянға түсуге Д.Нұрпейісова атындағы темір жол бекетінің кезекшісі Азамат Аймағамбетов пен инженер Дмитрий Журило да тартылыпты.
Бейнебаянда орындалған ән құлаққа жағымды естіледі. Теміржолшылар бейнебаян соңында «ҚТЖ-да көңілсіз адам жұмыс істей алмайды» деген жазба қалдырыпты. Мұның «Қазақстан темір жолы» комапниясының тартымдылығын арттыру тұрғысында түсірілгені байқалады.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: gazeta.kz.

Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 08:42
Қазақ тазысы World Dog Show 2026 көрмесінде топ жарды
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Алан Құрманғалиев Швециядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:21
Еуроодақ Израильге қарсы санкция енгізбек
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды
Қоғам • Кеше
12 метрлік құдыққа құлап кеткен бала құтқарылды
Оқиға • Кеше
BaiQymyz фестивалі: Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды
Дәстүр • Кеше
Елордада екі шаруашылық құрылысы өртенді
Оқиға • Кеше