Экология • 11 Шілде, 2024

Экологиялық тәрбие өнегесі

73 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы Шымкентте қарқынды жүргізіліп жатыр. Осы іс-шара аясында шаһардың әкімшілік аудандарында тазалық жұмыстары атқарылды. «Жасыл ел» ұйымының жастары мен Тұран ауданының тұрғындары техниканың көмегімен мегаполистің көрікті мекені Қошқарата өзенінің жағалауын тазалады.

Экологиялық тәрбие өнегесі

Өзенді күтіп ұстау – шымкент­тіктердің міндеті. Осыны ұққан тұрғындар мен жас­тар өзен­нің абаттанбаған жағалауын қоқыс қалдықтарынан тазартты. Ак­цияға қатысқан белсенділер «Қала – ортақ үйіміз, тазалықты сүйеміз» деп ұрандатып, тұрғындарды туған жердің табиғатын аялауға, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырды.

Қаратау ауданының тазалығын күтіп ұстау «Жасыл-Жер Шымкент» компаниясына жүктелген. Серіктестіктің 150-ден аса жұмыскері мен 15-тей техникасы күн сайын бекітілген кестемен санитарлық тазалау жұмыстарын атқарады: шөптерді отайды, ағаштарды бұтайды, талдарды суарып, минералды тыңайтқышпен қоректендіреді. Жаяу жүргіншілер мен автокөлік жолдары­ның тазалығы, қоқыс жәшіктерінің уақтылы босатылып тұруы – тазалаушы компания жұмыскерлерінің мойнында. Сондықтан серіктестік «Таза Қазақстан» акциясына өз тарапынан үлкен үлес қосып жатырмыз деп есептейді.

Акция аясында қалалық жастар ресурс­тық орталығының мамандары мен «Жасыл ел» жастар жасағының өкіл­дері бірлесіп, шаһардағы орталық мазараттың ішін тазалады. Шөптерін орып, жабайы өскен талдарды бұтап, жол-жөнекей шашылып жатқан қо­қыс­­ты сыртқа шығарды. Жастар ре­сурстық орталығының қызметкері Қ.Бө­генбай ардагерлер мен мәдениет қайраткерлерінің қараусыз қалған бейіт­терін шөп, қураған ағаштардан тазар­тып, қоршауын қалпына келтірдік.

Мегаполисте көнеден келе жат­қан «Шымкент» каналы бар. Ұзындығы бірнеше шақырымды құрайды. Сол каналдың айналасы – толған жеке сек­тордағы тұрғын үйлер. Адам тұрған жер­де кейде жан-жақтың бәрі шашылып жататыны белгілі. Сондықтан акция­ны пайдаланған Еңбекші ауда­ны­ның тұрғындары «Жасыл ел» еңбек жасақтарымен бірге канал бойын тазалап шықты. Аулалардағы балалар ойын алаңшаларын сырлап, кем-кетігін жөндеді. Белсенді топтың жұмысына сүйсінген аудандық ардагерлер кеңесі­нің төрағасы З.Жайшыбеков алғысын біл­діріп, тазалықты үлкендер сақтаса, жастар солардан үлгі алып, қоғамда тазалық мәдениеті қалыптасады деді.

Жалпыұлттық сипаттағы науқан­нан «Amanat» партиясының өкілдері де тыс қалмады. Партияның Шымкенттегі филиалы мен Мәслихаттың төрағасы Б.Нарымбетов, партия филиалының атқарушы хатшысы міндетін атқарушы Б.Төлегенов бастаған азаматтар тазалық акциясына белсене қатысты. Оларға шаһардың зиялы қауым өкілдері мен жастары қосылды. Сондай-ақ «Жастар рухы» қауымдастығының, бастауыш партия ұйымының мүшелері осы іс-шарадан табылды. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы «Таза бейсенбі» нау­қанын ұйымдастыруға «Amanat» пар­тиясының Шымкент қалалық филиа­лы ұйытқы болды. Аманаттықтар акция ар­қылы елдің экологиясын жақсартуды, адамдардың санасын өзгертіп, жаңаша мәдениеттің қалыптасқанын қалайды.

Шаһардың солтүстік аумағында ор­на­ласқан Асар шағын ауданының тұрғындары да белсенділік танытып, Мемлекет басшысының бастамасын әрдайым қолдайтынын білдірді. Асар шағын ауданы қаланың шеткі аумағын­да орналасқан. Мұнда тұрғындар үшін 2 демалыс аймағы ашылған. Көшелер­ге сәндік ағаштар отырғызылып, жаңа гүлзарлар пайда болған. Арнайы мекеме қызметкерлері күнделікті жасыл желекті күтіп-баптаумен айналысады. Экологияны жақсарту, халықтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында ұйымдастырылған тазалық іс-шарасына 200-ден аса тұрғын мен арнайы мекеме қызметкерлері қатысты. Олар шағын аудандағы орталық аллея мен көше бойын тазалап, тұрғындарды туған қаласын таза ұстауға үндеді. Ша­ғын аудан тұрғыны Ұ.Айтқұлованың айтуынша, сенбілікке бүкіл отбасын ерте келіпті. Өйткені қала тазалығы – баршаға ортақ міндет. Мұндай таза­лық акцияларын құр жібермей қаты­сып тұрады екен. Тіпті немереле­рін де қоғамдық жұмыстарға тартып, ең­бекке баулиды. «Өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету – әрбір ата-әженің парызы. Сондықтан тазалық іс-шарасынан немерелерімді қалдырмаймын», деді Ұ.Айтқұлова.

Ал осынау акция барысында тұр­ғын­дар гүлзардағы өсімдіктердің арам­шөптерін отап, ағаштарын бұтап, тал түптерін әктеді. Биыл сәуір айын­да басталған жалпыұлттық эколо­гия­лық науқан Асарда бірнеше рет ұйым­дас­тырылды. Халықтың да оған бел­сен­дігі жоғары. Аудандық ардагерлер кеңе­сінің төрағасы Ұ.Бәшеновтің айтуын­ша, іс-шараның мақсаты – тазалық әрі тұрғындар арасында экологиялық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.

«Акция басталғалы осыған аудан­дық ардагерлер кеңесі назар аударып ке­леді. Қала – бәріміздің де ортақ үйіміз. Сондықтан оның көркейіп, гүлденуіне әрбір тұрғын бейжай қарамай, қоқыс-қалдықтарды кез келген жерге лақтыр­май, айналаны таза ұстауға атсалысуы керек», деді ол.

Жайлы ортаны дамыту басқар­ма­сы мамандарының берген мәліметіне сүйенсек, Шымкенттегі «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына, яғни жал­пы­ға бірдей қалалық тазалық науқанына 5 мыңға жуық адам, 35 кәсіпорын мен 46 әлеуметтік нысан қызметкерлері қатысқан. Бес аудан аумағынан мың тон­надан аса тұрмыстық қалдық шы­ға­рылды. Мемлекеттік-жекешелік әріп­тестік аясында мердігер мекемелер тарапынан көшелерді тазалауға 20 адам­нан тұратын бригадалар құрылды. Олар халық көп жүретін қоғамдық орындар мен аялдамалардың, жол жиектері­­нің тазалығын тұрақты қамтамасыз ету жұмыс­тарын күнделікті атқарып отыр. Қазіргі уақытта аумақтарды көгал­дан­дыру, санитарлық тазарту, абаттан­дыру жұ­мыстарын жыл соңына дейін жал­ғас­тыру бойынша мегаполисте арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Айта кету керек, акция барысында көшелер, аяқжолдар, ирригациялық жүйелер таза­ланып, біршама ретке келтірілді. Сондай-ақ ағаштарды әктеу, санитарлық кесу, шөп ору, көшелерді жуу жұмыстары тұрақты атқарылып келеді. Күзгі маусымда жасыл желек көшеттерін егу басталады. Ал оларды күтіп-ұстау жыл бойы жал­ғасады. Жоғарыда айтыл­ған­дай, таза­лық жұ­мыстарына арнайы мекеме қыз­мет­кер­лерімен қатар қала тұрғындары, қоғам белсенділері, ерікті жастар, түрлі ұжымдар бірдей атсалысып жүр.

Жайлы ортаны дамыту басқар­масының тағы бір мәліметін кел­тіре кет­сек, биылғы 6 сәуір мен 30 маусым ара­­лығында «Таза Қазақстан» рес­пуб­ликалық экологиялық акция­сы бір­неше іс-шараға бөлініп, сен­бі­ліктер түрінде ұйымдастырылды. Енді солар­дың әрқайсысына жеке-жеке қысқаша тоқталып өтсек.

Алғашқы акция «Таза өлке» деп аталды. Бірінші апталықта санитар­лық тазалау жұмыстары қолға алынып, кө­ше­­­лер, аяқжолдар, ирригациялық жүйелер, каналдар мен арықтар таза­ланды. Соны­мен қатар ағаштарды әк­теу мен санитар­лық кесу жұмыстары жүргізіліп, ағаш көшеттері отырғызылды. «Киелі мекен» дейтін екінші апталығында Қарашаш ана, Ибрагим ата, Мірәлі баба, Абдель Азиз, Қожа Талих және Темірші әулие кесе­­нелерінде, «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінде тазалық науқаны өтті. Сондай-ақ қаладағы ескерткіштердің айналасы, мазараттардың аумағы тазартылды. «Жасыл аймақ» пен «Өнегелі ұрпақ» апталығында жалғызілікті қа­риялар мен ардагерлердің үйлерінде сенбіліктер ұйымдастырылды. Акцияға қатысушылар қарттар үйіне барып, жан-жағын ретке келтірді. Бұл апталықта студенттер, оқушылар, ерікті жастар белсенді болды. Шаһардың Арбат кө­шесінде акцияға орай «Өз елін сүйетін өнегелі ұрпақ» тақырыбында флешмоб өтті. Оған 300-ге жуық жас қатысты. Апталық білім беру ұйымдарында жал­ғасып, оқушылар мен түлектер мек­теп ауласын тазалады. Ардагерлер оқу­шылардың істеген жұмыстарына риза­шылығын білдіріп, батасын берді. Осынау игі бастама аясында 2 мамырда «Абай» саябағы аумағында «Ұрпақтар сабақтастығы» атты атасы мен немере­сінің ағаш егу іс-шарасы қолға алынды. Сенбілікте қариялар немерелерімен бірге шөп орып, оны жинап, ағаштардың түптерін әктеп, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін сырлады. Бесінші «Мөлдір бұлақ» апталығында қала аумағын­дағы Бадам, Қошқар ата, Қарасу өзендері­­нің, Бадам су қоймасының, каналдар­дың жағалаулары тазаланды. Жұмыскер­лер қураған ағаш бұталарын кесіп, шөп­терді орып, үйілген күл-қоқыстарды жүк көліктеріне артты. Сенбілік Қошқар­ата өзенінің арнасын тазалауға ұласты. 6 сәуір – 30 маусым аралығында өткен жоғарыдағы іс-шараларға 178 мыңнан аса адам, 1 910 өндіріс пен кәсіпорын жұмысшылары, 681 әлеуметтік нысан қызметкерлері қатысқан. Бұған қоса ­­

8 731 дана техника жұмылдырылды. Нау­қан барысында көшелер мен аяқжол­дар, 720 шақырымнан аса ирригация­лық жүйелердің, каналдардың арнасы ашылды. Нәтижесінде, 8,4 мыңнан аса тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қа­тар аяқжолдар реттеліп, жол жиекте­рі жуылды. Акция кезеңінде 602 мың­ға жуық ағаш әктеліп, санитарлық кесу жұмыстары жүргізілді. Бұған қоса 11 657 ағаш көшеті отырғызылды. Жыл басынан қала аумағындағы 40 мың шар­­шы метр аумаққа миллионнан аса қыз­­­ғал­дақ гүлдері егілді. Ол қауы­зын жа­рып болған соң оның орнына бір­жыл­дық гүлдер отырғызылды. Жоға­рыда айт­қанымыздай осы іс-шара­лар­ға қала тұр­ғындары, еріктілер, бел­сен­ді жас­тар, ақсақалдар, сондай-ақ өнді­ріс­тік, кәсіпкерлік және әлеуметтік нысан жұ­­мыс­шылары, пәтер иелері коо­пе­ра­тив­­тері (ПИК) мен меншік иелері бір­лес­­тіктерінің (МИБ) қызметіне жауапты сервистік мекемелер де тартылды. Бү­гін­гі таңда жалпықалалық сен­бі­ліктер тұрақты науқанға айналған.

«2024 жылғы 25 маусым күні «Таза Қазақстан» республикалық экология­лық акция аясында Шымкент қаласында жалпы қалалық сенбілік өтті. Акция мына орындарда ұйымдастырылды: Абай ауданы, Асар шағын ауданының гүлзары, Әл-Фараби ауданы, Күншығыс шағын ауданы, №11, №11а үйлердің аулалары, Еңбекші ауданы, Уәлиханов көшесі, № 215, 217, 241, 243 үйлердің айналасы, Қаратау ауданы, Нұрсәт ша­ғын ­ауданы, №37, 49 үйлердің жан жағы мен Қошқарата өзенінің жағалаулалары. Сани­тарлық тазалау жұмыстары барысында көшелер мен үйлердің аулалары күл-қоқыстан арылды. Сонымен қатар ағаш әктеу, санитарлық кесу, шөп ору, орындықтарды сырлау, ирригациялық жүйелер мен өзендер­дің жағалауларын қоқыстан тазалау жұмыстары атқа­рыл­ды», деді Жайлы ортаны дамыту бас­қар­масының өкілі Ә.Опабек.

ШЫМКЕНТ