Саясат • 11 Шілде, 2024

Метро құрылысы қарқын алуы керек

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары Айдос Сарым, Сергей Пономарев Алматы қаласындағы «Қалқаман» метро стансасының құрылысымен танысты. Нысан Абай даңғылы бойында Б.Әшімов пен Т.Айбергенов көшелерінің арасында салынып жатыр.

Метро құрылысы қарқын алуы керек

Фото: Мәжіліс

Наурызбай ауданындағы «Қалқаман» метро стансасы 2026 жылы пайдалануға берілуі керек. Құрылыс барысында сол жақ туннельде 936 метр, оң жақ туннельде 559 метр қазылған. Газбен жабдықтау, электр жүйесі, телеком­муни­кациялар мен су құбыры­ның сыртқы желілерін көшіру жұмыс­тары жоспар бойынша жүргі­зіліп жатыр. Депутаттар жұмысшы­лар­мен сөйлесіп, құрылыс жұмыс­тарының кестесімен танысты.

«Қалқаман» стансасына дейінгі желі құрылысы 2,5 жылдан бері жүріп жатыр, ал мегаполис кеп­те­ліс­тен көз ашпай отыр. Жұмыс ұзаққа созылып барады, құрылыс үшін жер учаскелерін, жеке үйлерді сатып алу қажет, ал иелері сатқысы келмейді, өтемақы сомасына келіспейді. Адамдар соттасып, тіпті, кей істер Жоғарғы сотқа дейін жеткен жағдайлар бар. Осы уақыт ішінде жобаның қым­баттауы, қайта бағалау, мемле­кеттік сараптама қажет болады», деді депутат Сергей Пономарев.

2030 жылға дейін «Барлық» базарына дейін тағы үш станса салу жоспарланған, онда «Батыс автовокзалын» қамтитын ірі мультимодальды көліктік-ауысымдық торап құрылады.

Бұған дейін Мәжіліс депутаттары қаладағы ЖЭО-2-ні жаңғырту жұмыстарымен танысып, газ отынына көшу 2026 жылы аяқталуға тиіс екенін мәлімдеген еді. Сондай-ақ халық қалаулылары бірқатар еңбек ұжымымен кездесіп, азаматтарды қабылдап, әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады.