Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ТҮРКСОЙ мен Түркияның Бурса қаласының әкімдігі бірлесе ұйымдастырған байқауға түркітілдес елдердің үздік ұлттық және би ұжымдары қатысады.
«Бірлік» ансамблі байқауда «Қамшыгер», «Жігер», «Күй шашу» атты хореографиялық композицияларды ұсынбақ. Сондай-ақ ансамбльдің көркемдік жетекшісі Анель Марабаева «Шара» атты жеке композициясын орындайды.
«Бірлік» ән-би ансамблі – еліміздің мәдени байлығын көрсететін бірлік пен үйлесімнің нышанына айналған ұжым. Ансамбль өнер әлемінде өзара құрмет, бірлік пен татулық сынды құндылықтарды насихаттай отырып, қазіргі қоғамдағы аталған құндылықтардың маңызын мәдениет пен өнер арқылы көпшілікке жеткізуді мақсат етеді.