Ғылым • 12 Шілде, 2024

Егістік пен жайылымды зерттеді

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары егіншілік пен жайы­лымдық жерді пайда­ла­нудың ғылыми негізін бас­шылыққа алып, дала зерт­теулерін жүргізді.

Егістік пен жайылымды зерттеді

«Ауылдық жерлерді тұрақты дамытуды қамтамасыз ету үшін еліміздің оңтүстік өңірлерінде шөлейттену үрдісінің алдын алуда табиғи-ауылшаруашылық жүйелерін орнықты басқаруды ғылыми-қолданбалы негіз­деу» бағдарламасына қатысты ғы­лы­ми зерттеу жұмыстарының шең­берінде География, жерге орналастыру және кадастр, Картография және геоинформатика, Биоалуантүрлілік және биологиялық ресурстар кафед­раларының профессор-оқы­ту­шылық құрамы, сонымен қатар Ғарыштық технологиялар және Жерді қашықтықтан зондтау орталығының қызметкерлері далалық экспедицияға қатысты.

«Далалық алқаптардың шө­лейт­тенуін бақылау бағдарла­ма­сы климаттың өзгеруімен кү­ресуге бағытталған Тұрақты даму­дың экожүйелерді сақтау тұжы­рымдарын басшылыққа алады. Экспедиция барысында ауыл ша­руашылығы және жайылымдық жерлерді пайдаланудың қазіргі жағдайы, шөлейттену салдары, сондай-ақ аумақтарға қатысты ғылыми-қолданбалы ұсыныстар әзірленді. Ауыл шаруашылығы мен жайылымды пайдалану үшін табиғи және антропогендік таби­ғи-ауылшаруашылық жүйелерін қамтитын барлығы 100-ге жуық орынға бақылау жасалды», дейді жоба жетекшісі, PhD Сәнім Бисенбаева.

Далалық жұмыстарды жүр­гізу барысында топырақ үлгілері жинақталып, дрондар арқылы табиғи-ауылшаруашылық жүйе­лерінің және өсімдік жамыл­ғы­сының сипаттамасы жасалған. Кейбір бақылау нүктелерінде та­биғи және жасанды тау жыныс­тары зерттелді. Сонымен бірге жерді қашықтықтан зондтау дерек­терімен салыстыру үшін бақы­лау нысандарында жетекші физи­калық-географиялық және гео­морфологиялық үдерістер тал­данды. Далалық аумақтардан жинал­ған деректер өңделіп, жи­нал­ған мәліметтердің базасы түзі­ліп, бейне және фотоматериалдар қоры жинақталды.

АЛМАТЫ