Қоғам • 13 Шілде, 2024

Шымкентте асырап алған балаларын қорлаған емшінің әйелінің үстінен де қылмыстық іс қозғалды

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шымкентте асырап алған балаларын қорлаған емшінің әйелінің үстінен де қылмыстық іс қозғалды

Бұл деректі Шымкент қалалық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

- Кәмелетке толмаған балаларға тәрбие беру міндетін дұрыс атқармағаны үшін күдіктінің әйеліне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Шымкентте асырап алған ата-анасы балаларды аяусыз қорлағаны БАҚ-та кеңінен жазылған.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева әлеуметтік желідегі парақшасында Шымкентте асырап алынған балаларға қатысты жантүршігерлік жайттарды айтты.

- Бұл қылмыс бойынша ақпан айынан бері ҚР ІІМ, Бас прокуратура және Шымкент қаласының Балалар құқықтары жөніндегі уәкілімен бірлесе жұмыс істеп келеміз. Бұл оқиғада біраз сұмдық бар. Соның бірі, балалардың үлкенінің сөзінше, асырап алушылар балаларға зәр ішкізіп, нәжіспен тамақтандырған. Іс сотқа жіберілді. Сондай-ақ, олар балаға тиесілі ақшаны ешкілер сатып алуға жұмсап, балаға баққызып қойғандары туралы дерек бөлек тергеліп жатыр. Бұл жағдайда балалардың үлкенінің денесіндегі көгерген жерлерді көрген мектеп мұғалімдері және қамқоршылық органдарына сұрақ көп. Оларға қатысты да қылмыстық істер қозғалды, тергеу жүріп жатыр, - дейді Динара Закиева.