Экс-шенеуніктен бөлек, жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке тағы бір кәсіпкер іліккен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметіне сүйенсек, бұрынғы шенеунік қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлінген қаражатты ұрлаған болуы мүмкін. Мемлекетке келтірілген залалдың болжамды сомасы - 120 миллион теңге.
- Тікелей әкімнің алдында өтіп жатқан жиында ұстап алып кеткен болатын. Бұл жөнінде қоғамдық талқылар болды. Әрекеттің дұрыс не бұрысына қатысты халықтың пікірі екіге бөлінді. Біздің ойымызша, өрескел қателік болған сияқты. Қоғамдық резонанс туғызған қылмыстық істерден білесіздер, ақталып шығып жатқандары аз, - дейді құқық қорғаушы Шымырбай Ағабеков.