26 Сәуір, 2015

Маңғыстауда бес сағат ішінде 107 547 адам дауыс берді (фото)

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26.04.2015  AqtauАҚТАУ. 26 сәуір. Маңғыстау облысында сайлау белсенді өтіп жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 26.04.2015  Aqtau-1Облыстық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Маңғыстауда түскі сағат 12.00-ге дейін 107547 адам дауыс берді. Бұл дауыс беру көрсеткіші 34,12 пайызды құрады деген сөз. Нақтырақ айтсақ, түске дейін сайлаушылардың Ақтау қаласында 32,42 %, Жаңаөзен қаласында  33,31 %, Бейнеу ауданында 37,26 %, Қарақия ауданында 35,74 %, Маңғыстау ауданында 35,09 % және Мұнайлы ауданында 34,96 %-ы дауыс беруге келген. 26.04.2015  Aqtau-226.04.2015  Aqtau-326.04.2015  Aqtau-4 Биылғы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына Маңғыстау облысы бойынша қатысатындар саны 315 мың 202 адамды құрап отыр. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 3 сәуірдегі ҚР Президенті сайлауында 256 мың 779 адам болған. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: egemen.kz Сурет: Талант Құсайын.