12 Маусым, 2015

Әлемнің жарығын сыйлайтын орталық

497 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сексен жылдық тарихы бар облыстық перинаталдық орталықта осы уақытқа дейін 300 мыңнан аса шақалақ дүниеге келіпті. Орталық арнайы мамандандырылған мекеме болғаннан кейін толғағы ауыр, денсаулығы нашар аналардың 22-24 пайызы ота арқылы босандырылады.

20150612 (8)

Мұнда диагностикалық және лапароскопиялық тәжірибе негі­­зін­­де салмағы 500 грамм және одан да аз нәрестелерді арнаулы орын­­дар­ға жатқызып, дәрігер­лер­дің бақы­­лауы арқылы өмірін сақтайды.

«Жыл сайын №1 облыстық пе­­ринаталдық орталыққа 10 мыңнан астам әйел жатқызылып, оның әр­бірі жеке көңіл бөлуді талап ­ете­тін күрделі жағдайда босанады. Биылғы жылдың 5 ай­ында 4093 босану жағдайы тіркеліп, 4192 сәби дүниеге келсе, бұл был­тыр­ғы жылдың сәй­кес кезеңімен са­лыстырғанда 166 нәрестеге артық», – деді орта­лық бас дәрігердің орынбасары Ақмарал Елмұрзаева. Сөз реті келгенде айта кетейік, биылғы жылы дүниеге келген сәби­лердің 91-і егіз болса, 4-уі – үшем.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.