Фото: Midjourney
Қыз бен жігіт Румынияның Бучеджи тауларына барып, Спумоаса сарқырамасына шығып бара жатқанда кенет соқпақ тұсынан жабайы жануар пайда болған.
Қыз құтқару қызметіне хабар беріп үлгерген. Алайда, аю оны аяғынан ұстап, 120 метр биіктіктегі жардан лақтырып жіберген. Құтқарушылар ауыр жарақат алған бойжеткен жан тапсырғанын растаған.
Ал жігіт оқиғадан зардап шекпеген. Оның айтуынша, аюды қорқытып, қуып жіберу мүмкін болмаған.
Жануар оқиға орнына келіп жеткен мамандарға да шабуылдамақ болған, сол себепті оны атып тастауға тура келген.