Жамбыл облысы, Шу ауданындағы Шатырқұл кен орнына жақын маңда АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға алдыңғы күні күндізгі сағат 15-тен аса орын алған. Ұшақ Қарағанды облысы жағынан ұшып келе жатқан екен. Әуе көлігі Қарағанды облысындағы «Олимп Эйр» ЖШС-ге тиесілі екені анықталды. Ұшақ бортында жеті адам болған, үшеуі экипаж мүшелері, қалған төртеуі Шатыркөл кен орнына келе жатқан «Қазақмыстың» жұмысшылары.
Бірқатар әлеуметтік желілерде ұшақтағы экипаж мүшелері де, жолаушылар да түгел қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған болатын. Бірақ Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жөніндегі өкілі Екатерина Калиткина ұшақтағы жеті адамның біреуі Шу аудандық ауруханасына өте ауыр жағдайда жеткізілгенін айтты. Кеше ұшақтың апатқа ұшырауынан зардап шеккен «Балқаштүстімет» өндірістік бірлестігінің бас геологы А.Шаяхметова есін жиды. Әзірге дәрігерлер қыздың жағдайы қалыпты, бірақ әлі де ауыр деген баға беріп отыр. Қыздың жамбасы мен жіліншігі сынған және көп қан жоғалтыпты. Дәрігерлер оған екі операция жасалатынын айтады. Әзірге Шуға Астанадан дәрігерлер келді. «Шаяхметованың екі аяғында да ашық және жабық жарақаттар бар. Миының шайқалуына байланысты ауруханаға өте ауыр жағдайда түсті. Барлық ем шаралар жүргізілді. Жағдайы әлі де ауыр, бірақ тұрақты» дейді бұл жөнінде Шу аудандық ауруханасының дәрігер реаниматологы Бану Спанқұлова.
Ұшақ бортындағы «Қазақмыс» компаниясының үш қызметкері: техникалық даму департаментінің директоры Г.Төлеубаев, «Балқаштүстімет» өндірістік бірлестігінің бас механигі Е.Ыбыраев және осы бірлестіктің техникалық және инвестициялық жоспарлау бөлімінің басшысы У.Есмағамбетова, сонымен қатар, АН-2 ұшағының командирі Г.Клюшев, екінші ұшқыш В.Савельев және борт-механик В.Литвинов қаза тапты.
Ұшақтың апатқа ұшырауына сол күнгі тұман себеп болуы мүмкін дейді мамандар. Өйткені, қалың тұманнан әуе кемесі көру қашықтығы төмен жағдайда қонуға әрекет жасаған. Оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы,
Шу ауданы.

Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды
Футбол • Кеше
8 миллион теңгеге қандай жаңа көліктер алуға болады?
Қоғам • Кеше
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Логистика • Кеше
Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Кеше
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Кеше
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Кеше
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Кеше
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Кеше