Білім • 16 Шілде, 2024

Шэньчжэнь университетімен бірлескен зертхана

136 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Шэньчжэнь университеті арасындағы бірлескен зертхана құру туралы келісімге қол қойылды. Салтанатты іс-шара С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде өтті.

Шэньчжэнь университетімен бірлескен зертхана

Екі ел арасындағы ық­пал­дастық келісіміне қол қою рәсімі Қытай Халық Республикасының президенті Си Цзиньпиннің Қазақстанға ресми сапары аясындағы негізгі оқи­ға­лардың бірі болды. Келісім екі ел арасындағы ғылыми байланысты нығайтуға және бірлескен зерттеу­лер жүргізуге бағытталып отыр.

Салтанатты іс-шараға Шэньч­жэнь университеті медицина факультетінің атқарушы деканы профессор Синчжи (Ксавьер) Сюй, Президент жанындағы ҰҒА президентінің міндетін атқарушы Ляззат Ералиева, С.Асфендия­­ров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің басқар­ма төрағасы-ректор Марат Шоранов, ҚХР Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй, сондай-ақ «Өмір және ден­саулық туралы ғылымдар» сала­сындағы жетекші ғалымдар қатысты.

Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулы Цзян Вэй құттық­тау сөз сөйлеп, мемлекетара­лық ынты­мақтастық мәселе­сіне тоқ­та­лып өтсе, ҰҒА президентінің мін­детін атқарушы Ляззат Ералиева академияның қызметі, жаңа құрылып жатқан зертхана туралы ақпарат берді. Шэньч­жэнь универси­теті ғылыми қыз­ме­­ті­нің нәтижелеріне профессор Синчжи (Ксавьер) Сюй тоқталып, халықаралық жобалардың маңызы туралы айтты. 1983 жылы ірге­тасы қалан­ған Шэньчжэнь университеті биомедициналық инженерия және биология бойынша PhD мамандарын даярлайды. USNews әлемдік рей­тингінде өзіндік орны бар оқу орнында бүгінде 250-ден астам халық­аралық оқытушы жұмыс істейді.

Шэньчжэнь – Алматы медицина ғылымдарының алдыңғы қатарлы зертханасының бір филиа­лы Алматы қаласындағы Ұлттық ғылым академиясында, ал екіншісі Шэньчжэнь университетінде орналасады. Бірлескен ынтымақтастық аясында табиғи өнімдерден дәрі­лік препараттар әзірлеуді, геном зерттеулерін, инфекция­лық иммунитет пен қабынуды, сон­дай-ақ медициналық жаб­дық­­тарды әзірлеу жоспарланып отыр. Алғашқы зерттеу­лер «Фито­шикізат негізінде жаңа дәрілік кандидаттардың көпмақсатты әзірлемесі» жобасымен басталмақшы.

Салтанатты рәсімде, сонымен бірге Ұлттық ғылым академия­сы, Шэньчжэнь уни­верситеті және С.Асфен­дияров атындағы Қаз­ҰМУ арасындағы үшжақты мемо­­­рандумға қол қойылды. Мемо­­рандум академиялық және меди­циналық мекемелер ара­сын­­дағы байланысты нығайтуға, бір­­лескен ғылыми зерттеулер жүр­­гі­зуге, білім мен тәжірибе алма­суға, сон­дай-ақ білім беру бағдар­ла­ма­ларын, жоба­ларын іске асыра­тын тың баста­маларға серпін береді.

АЛМАТЫ