Аймақтар • 16 Шілде, 2024

Шетпедегі жаңа клиника

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау ауданының орталығы Шетпеде дәрігерлер отбасы­ жаңа клиника ашып, аудан тұрғындарының денсаулығын қор­ғауға, сақтауға үлес қоспақ.

С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ түлектері, салада 11 жыл тәжі­рибесі бар мамандар – жалпы тәжірибелік дәрігер, анестезиолог-реаниматолог, кардиолог Жанайдар Әбеуов пен оның жұбайы терапевт, фтизиатр, функционалдық диагнос­тика дәрігері Айгерім Байзақова ашқан жаңа ASU-MED клиникасында кардиолог, невропатолог, хирург, терапевт, педиатр, уролог дәрігерлері кеңес беріп, қабылдау жүргізеді. Бұдан бөлек, функционалдық диаг­ностика кабинеті, оның ішінде электрокардиограмма, жүректі ультрадыбыстық зерттеу, ар­те­рия­лық қан қысымын 24 сағат бақылау (СМАД), жүрек ырғағының бұзылыстарын бақылау, (Холтер ЭКГ), бауыр, көкбауыр, өт қабы, ұйқы безі мен бүйректі ультрадыбыстық зерттеу бар.

Тұрғындар күндізгі емдеу бө­лімінен ем қабылдап, арнайы ем-шара бөлмесінен қажетті дәрі-дәрмектерін салғыза алады. Клиника жанында лаборатория мен дәріхана да бар.

Жаңа клиниканың ашылуы 37 мыңға жуық тұрғыны бар ауданға әлеуметтік қолдау болары анық.

Маңғыстау облысы