Фото: t.me/almatynews_kaz/
Әлеуметтік желіде апат болған жерде түсірілген видео тарап жүр. Кадрларда қоғамдық көліктің алды-артынан қисайып тұрғаны бейнеленген. Бейнеролик авторының айтуынша, жол апаты Әшімов пен Шаляпин көшелерінің қиылысында болған.
Қалалық Полиция департаменті жол апаты сағат 09:15-те болғанын хабарлады.
«Жүк көлігінің жүргізушісі Әшімов көшесімен солтүстік бағытта, Шаляпин көшесінің солтүстігінде келе жатып, аялдамаға тоқтаған 137-автобусқа соғылған. Инерция әсерінен автобус жол жиегіне шығып кетіп, жеке үйдің қоршауына соғылған», деді полицейлер.
Апат салдарынан тоғыз жолаушы зардап шекті. Жол-көлік оқиғасының мән-жайлары әлі де анықталып жатыр.