Өйткені «Рио» – испанша «өзен» деген мағынаны білдіреді. Оған дәлел – Мексикадағы Рио-Гранде, Аргентинадағы Рио-Дульсе, Парагвайдағы Рио-Бермехо, Эквадордағы Риобамба – бәрі-бәрі өзен бойына салынған қалалар. Бірақ бір қызығы, Бразилияның бұл қаласы «Өзенді қала» аталғанымен мұнда ешқандай да өзен жоқ. 1502 жылдың 1 қаңтарында португал теңізшілері осы жерге тап болып, шығанақты өзеннің сағасы деп қателеседі. Солайша бұл елді мекенді Рио-де-Жанейро, қазақшаласақ «Қаңтар өзені» деп атап кеткен екен.
«Құдай әлемді алты күнде жаратқан. Ал жетінші күні Рио-де-Жанейроны жасаған» деп әзілдейді бразилиялықтар қаланың сұлулығын меңзеп. Бірақ біле білсеңіздер, осы бір әйгілі шаһардың атына заты сай емес.
Президент Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
Президент • Бүгін, 00:42
Экономикалық трансформация: Елде 17 ірі жоба ашылып, 25 мың адамды жұмыспен қамтиды
Экономика • Бүгін, 00:15
Азия чемпионатына баратын боксшылар белгілі болды
Спорт • Кеше
Балқаш көлінде жоғалып кеткен балықшылар табылды
Төтенше жағдай • Кеше
Елордадан 556 мың текше метр қар шығарылды
Елорда • Кеше