Әлем • 17 Шілде, 2024

Бір ғана тұрғыны бар қала

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Естімеген елде көп. АҚШ-тың Монови қаласында бір ғана адам тұрады.

Бір ғана тұрғыны бар қала

Бұл шаһарда 1930 жылдары 150 адам өмір сүрген. Кейін жергілікті тұр­ғын­дар басқа қалаларға көшіп, 2000 жылғы санақ кезінде мұнда тек 2 адам қа­лады. Олар ерлі-зайыпты – Руди мен Элси Эйлерлер. Руди мырза 2004 жылы қайтыс болып, оның әйелі бұл жердің жалғыз тұрғынына айналды. Ол әкім ретінде қызмет етеді, сондай-ақ төрт көшені жарықтандыруға байланысты өзіне-өзі салық төлейді.