Бизнес • 17 Шілде, 2024

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасы аясында үздік стартаптар іріктелді

196 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елімізде әйелдер кәсіпкерлігінің әлеуетін арттыру мақсатында К.Сағадиев атындағы халықаралық бизнес университетінде түлектердің және ел өңірлерінен келген кәсіпкер әйелдердің қатысуымен «Қазақстан өңірлерінде әйелдер басқаратын стартаптарды дамыту» инкубациялық бағдарлама іске асты.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасы аясында үздік стартаптар іріктелді

 

Американың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының және түлектерді тарту жөніндегі Alumni engagement innovation fund инновациялық қорының қаржылық қолдауымен іске асқан жобааясында еліміздегі кәсіпкерлік экожүйесі қарқынды дамып отырған өңірлер тәжірибесінде өзге аймақтардағы әйелдер бизнесін жетілдіруге байланысты зерттеулермен қатар еліміздегі бизнес қоғамдастықтардың мүмкіндіктері мен желілік байланыстарды кеңейтуге бағытталған тәжірибелері басшылыққа алынды.

Сарапшылар жоба аясында әлеуметтік және экономикалық мәртебесіне қарамастан, барлық әйелдерге тең мүмкіндіктерді қарастыра отырып, инклюзивті бағыттарды дамытуға назар аударды. Ендігі кезекте ресурстарға қолжетімділік, тренингтер мен тәлімгерлік бағыттағы қадамдар әйелдер бизнесін жетілдіріп, кедергілерді жоюға ықпал ететін болады. Бұл бағытта мамандар әсіресе, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Павлодар сияқты қазіргі кезде әйелдер кәсіпкерлігі төмен аймақтарға ерекше назар аударды.

Қ.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің ғылыми зерттеулерді басқару кафедрасының меңгерушісі Жанат Жүсіпованың айтуынша, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту кез келген елдің экономикалық әлеуетін жүзеге асыруда маңызды рөлге ие. Бұл жұмыс орындарын ашуғажәне экономиканы ынталандыруға көмектеседі.

«Егер әйелдердің экономикаға қатысуы ерлермен тең дейтін болсақ, McKinsey Global Institute есебіне сәйкес, 2025 жылға қарай жыл сайынғы әлемдік ЖІӨ-нің 28 триллион долларға өсуі мүмкін. Бірақ елімізде әйелдердің бизнеске қатысу деңгейі төмендейтін болса, оның салдарынан экономикамиллиардтаған теңгеге зардап шегіп, тұрғындардың өмір сүру деңгейі және адами капитал бәсеңдеуімүмкін. 2022 жылғы статистикалық мәліметтерді назарға алатын болсақ, еліміздегі әйел кәсіпкерлігіөңірлерде жоғары болған. Ендігі кезекте осы үш аймақтағы белсенділікті арттыруға көңіл бөлінетін болады», деп атап өтті сарапшы.

С

Жоба аясында төрт кезең бойынша 50 қатысушы іріктелді. Осыған орай бизнес-инкубаторлар өкілдері жоғары білікті тәлімгерлердің жетекшілігімен өз бизнес-жобаларын ұсынды. «Эфес Қазақстан» компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Зейнеп Еркан Альп, Солтүстік Қазақстан облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы Солтүстік Қазақстан облысы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менеджер-кеңесшісі Ирина Васильева, UIB ғылым жөніндегі проректоры Құралай Нұрғалиева сияқты білікті менторлар кәсіпкерлерге кәсіпкерлікті дамыту мен кедергілерді жоюға байланысты тренингтер өткізіп, нәтижесінде Demo Day  алаңында бизнес қауымдастық өкілдері 10 үздік жұмысты таңдап алды. Осы орайда үздіктер анықталып, бірінші орынды Айнара Кубееваның «Фестивальдар, тимбилдингтер мен іс-шараларды кілтпен ұйымдастыру» жобасыменторы Екатерина Новоселова, екінші орынды Милана Иманғалиеваның «Sana» азақ тілінде сөйлейтіндерге арналған ағылшын тілін оқыту бойынша онлайн мектебі» жобасы менторы Қамшат Әлібекова, үшінші орынға Маргарита Бекешеваның атпен серуендеу қызметінің «Ат спорты клубы» жобасы ие болды – менторы Майя Сүйіншалиева.

Осы жобаға Петропавл қаласынан қатысқан Александра Ильина көптеген пайдалы ресурстарға қол жеткізгенін атап өтті. Оның айтуынша, бағдарлама аясында бизнесті бастау мен дамытуүшін кәсіби мамандармен кездесіп, кеңес алуға мүмкіндік туды. Әсіресе, маркетинг және қаржы менеджментіне қатысты сабақтардың пайдасы зорболды. Оның барысында идеяларды жүйелеуге және кәсіпкерлік стратегиясын жетілдіруге мүмкіндік туды.  Әйелдер стартапын дамыту жобасы кәсіпкерлікті дамытуда жай ғана оқу бағдарламасы емес, қазіргі сын-тегеуріндер кезеңінде экономика қажетті инклюзивті бағыттарды іске асыруға берілген мүмкіндік саналады.


АЛМАТЫ