ПЕТРОПАВЛ. 27 сәуір. Петропавлда сайлаушылардың дауыс беру үдерісі үздіксіз қадағаланды. Мұндай деректі қоғамдық байқаушылардың бірі Әсел Сапарғали айтып берді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Шыны керек, мұндай аса маңызды саяси шараға байқаушы ретінде бірінші рет қатысқандықтан, қатты қобалжыдым. Бірақ алдын ала тиянақты әзірліктердің жүргізілуі көңілдегі күдікті сейілтіп, сенімімді күшейтті. Сайлауға бақылау жасау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссиясы облыстық филиалының төрағасы Сергей Худяков әрқайсымызбен жеке сөйлесіп, нақты бағыт-бағдар берді», – дейді еліміздегі ең маңызды саяси науқанды қадағалаған жас маман.
Сайлауға дайындық жұмыстарының жоғары деңгейде өткенін айтқан ол семинар-тренингтердің пайдасы мол болғанына тоқталды. «Дайындық кезінде теориялық білімімізді нығайттық, тәжірибемізді байыттық. Сайлауалды мәселелерге жан-жақты қанықтық. Қолымызға әдістемелік материалдар, көмекші құралдар беріліп, заңнамалық нормалардың қатаң сақталуына баса назар аударылды. Қазір ой елегінен өткізіп отырсам, «көз – қорқақ, қол – батыр» дегендей, бәрі де адамның жеке жігеріне, қоғамдық белсенділігіне байланысты екен. Маған таңдау түскенде, бірден келісімімді бердім. Өйткені, біз, жастар, қолымыздан іс келетінін, кез келген саяси шараларды заңды түрде жүзеге асыра алатынымызды дәлелдей білдік. Адамның болашақтағы мақсаты мен кәсіби біліктілігі осындай нақты жағдайлармен өлшенсе керек», – деген Әсел қоғамдық байқаушы мәртебесін иеленгеніне еш өкінбейтінін айтты.
«Менің күні бойғы міндетім №635 сайлау учаскесінде басқа да қоғамдық ұйым өкілдерімен бірлесе отырып, олқылықтардың орын алмауын қадағалау болды. Барлық үдерістер заңға сәйкес атқарылып, сайлаушылар тарапынан бірде-бір реніш айтылған жоқ. Халықаралық байқаушылар да жалпыға ортақ демократиялық талаптардың сақталғанын жеткізді. Олардың кейбірі Қазақстандағы сайлау шет елдерді қызықтырып отырғанын жасырмады. Біздің ой-пікірлеріміз де осыған саяды. Себебі, саяси науқанды ұйымдастырушылардың тынымсыз тірлігі, жұмыстардың жүйелілігі, ақпараттандыру қызметтерінің жеделдігі, сондай-ақ, электораттың жоғары белсенділігі тәнті етті», – дейді байқаушы.
Қойылған талаптардың арқасында өздеріне жүктелген міндеттерді барынша жауапкершілікпен атқаруға тырысқан байқаушылар сайлау учаскелері ашылған кезден бастап жабылғанға дейін сайлау үдерістерін үзбей қадағалап отырды.
«Саяси науқанның ашық өтуіне басымдық берілді. Сайлаудың өз дәрежесінде ұйымдастырылуына үлес қосқанымды демократиялық қадамды тереңдетудің бірі көрінісі ретінде бағалаймын», – дейді сайлаудың әділ өтуіне өзіндік үлесін қосқан жас байқаушы.
Өмір Есқали.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды
Қоғам • Бүгін, 21:12
12 метрлік құдыққа құлап кеткен бала құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 20:59
BaiQymyz фестивалі: Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды
Дәстүр • Бүгін, 20:38
Елордада екі шаруашылық құрылысы өртенді
Оқиға • Бүгін, 19:59
Түрікменстаннан келген қабылан Маңғыстауда фототұзаққа түсті
Оқиға • Бүгін, 19:27
Астанада таеквондодан алғаш рет беделді халықаралық турнир өтеді
Спорт • Бүгін, 18:59
Грант, сыйлық, шәкіртақы: Дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар
Жастар • Бүгін, 18:44
Қарағандыда 10 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Бүгін, 17:56
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Астанада тағы бір көше ішінара жабылады
Елорда • Бүгін, 16:58
«Ролан Гаррос» турнирі: Данилина мен Крунич финалда жеңілді
Спорт • Бүгін, 16:40
Маңғыстау-Семей пойызының жолаушылары тарақандарға байланысты шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 15:56
Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Оқиға • Бүгін, 14:59
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36