КӨКШЕТАУ. 26 сәуір. Қазақстанда өтіп жатқан президент сайлауының барысына шетелдік байқаушылар да өте жоғары баға беріп отыр. Соның нақты дерегін біз Көкшетау қаласындағы сайлау округінде жүрген Германия бундестагының депутаты Карин Штренц арқылы байқадық. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Мен көркейген Қазақстанға қызығушылықпен қараймын. Еңселі елге бірнеше рет келдім. Әр сапарымда жедел өзгерістерге куә болып, қуанып жүремін. Осы Көкшетауға, көркем Бурабайға да жолым түсті», - деді ол.
«Тәуелсіз Қазақстанның барлық салалардағы табысы көп ұлтты халықтың ынтымақ-бірлігінде, республика басшылығының салиқалы саясатында, болашақ жоспарларының баяндылығында деп білемін. Қазір бұл елдің халықаралық қауымдастықтағы беделі жоғары. Осы сапарымда, жанымдағы серігім дипломат Бертольд Ханс-Фридрих фон Плетцпен бірге халықаралық байқаушы ретінде Көкшетау қаласындағы №6 және №16 сайлау учаскелерінде болдым. Жергілікті халыққа ризамын. Олар сайлаудың, әсіресе, Президент сайлауын мемлекеттік маңызы бар оқиға деп санайды. Ешкім ертеңіне бей-жай қарамайды. Сондықтан электораттың саяси белсенділігі өсіп отыр. Бұл болашақтың нұрлы болатындығын көрсетеді», -деп тұжырымдады байқаушы.
Германиялық байқушының айтуынша, Қазақстанда үлгі алатын жайлар көп. Ол сөзін: «Біз бұл елдің әлі талай белестерді бағындыратынына сенеміз. Арамыздағы байланыс нығая беруіне тілестеспін», - деп аяқтады.
Бақберген Амалбек.
Дерек, сурет: egemen.kz .

Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды
Қоғам • Бүгін, 21:12
12 метрлік құдыққа құлап кеткен бала құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 20:59
BaiQymyz фестивалі: Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды
Дәстүр • Бүгін, 20:38
Елордада екі шаруашылық құрылысы өртенді
Оқиға • Бүгін, 19:59
Түрікменстаннан келген қабылан Маңғыстауда фототұзаққа түсті
Оқиға • Бүгін, 19:27
Астанада таеквондодан алғаш рет беделді халықаралық турнир өтеді
Спорт • Бүгін, 18:59
Грант, сыйлық, шәкіртақы: Дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар
Жастар • Бүгін, 18:44
Қарағандыда 10 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Бүгін, 17:56
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Астанада тағы бір көше ішінара жабылады
Елорда • Бүгін, 16:58
«Ролан Гаррос» турнирі: Данилина мен Крунич финалда жеңілді
Спорт • Бүгін, 16:40
Маңғыстау-Семей пойызының жолаушылары тарақандарға байланысты шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 15:56
Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Оқиға • Бүгін, 14:59
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36