Спорт • Бүгін, 11:58

«Рингке қайта оралуы мүмкін»: Головкин жаңа мәлімдеме жасады

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Los Angeles Times басылымына берген сұхбатында Геннадий Головкин рингке қайта оралуы мүмкін екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Рингке қайта оралуы мүмкін»: Головкин жаңа мәлімдеме жасады

Фото: Sports.kz

«Зейнетке шықпадым, отбасыммен бірге өткізген уақытты жақсы көремін. Жаңа жұмысым бар, бірақ спортпен айналысу маған ұнайды. Мансабымды аяқтаймын деп ешқашан айтқан емеспін. Егер қолайлы мүмкіндік болса, бәлкім, рингке қайта ораламын», деді Головкин.

Естеріңізге салайық, Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) өзінің соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде өткізді. Бұл оның мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (61-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жегі болды. Содан бері ол жекпе-жекке шыққан жоқ.

Кейіннен ол Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы болып сайланды.