фото: samarkandtours.com
15 шілдеде аудандық аурухана өкілдері полицияға хабарлама жолдап, 42 жастағы Қазақстан азаматы Қара Ой ауылындағы демалыс орталықтарының бірінде ауыр жарақат алғанын жеткізді. Ер адамды қайық соғып кеткен.
Факт тіркеліп, тергеуге дейінгі іс-шаралар жүріп жатыр. Қайықтың иесі - 32 жастағы жергілікті тұрғын, бірақ оқиға болған сәтте су көлігін 18 жастағы жігіт тізгіндегені анықталды.
16 шілде күні жәбірленуші алған жарақаттарынан қайтыс болғаны анықталды. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Айта кетейік, Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 127-бабы «Абайсызда адам өліміне әкеп соғу» және 311-бабы «Жол қозғалысы және темір жол, әуе немесе су көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құзырлы орган өкілдері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.