Осыдан үш жыл бұрын Жаңақорған ауданындағы «СКЗ-U» күкірт қышқыл зауыты өз жұмысын бастады. Іске қосылғаннан бастап өндірістің жұмысын өрге сүйреп, шаш-етектен пайда әкелетінін дәлелдеді. Мәселен, зауыт жылына 500 мың тонна күкірт қышқылын шығарады. Мұндай алып өндіріс орны аймақ экономикасының дамуына елеулі үлес қосып отыр дей аламыз. Басқасын айтпағанның өзінде, бір зауыттың өзі 300 адамды жұмыспен қамтып отыр. Оның жартысынан астамы жергілікті тұрғындар екенін ескерсек, қаншама адамның екі қолға бір күрек тапқанын байқаймыз. Бұл өзі Қазақстандағы некен-саяқ зауыттардың бірі десек болады. Себебі, өндіріс орнында Францияның «Generaj Electric» компаниясының турбогенераторы арқылы 18 мВт-тық электр қуаты өндіріледі. Кәсіпорынға қажетті энергияның артығы, аудан халқының игілігіне беріледі. Замана үдерісі жаңа технологияға көшкен уақытта мұндай мүмкіндік жергілікті тұрғындар үшін зор жетістіктерге жол ашары анық.
Аталған зауыт индустриялық-инновациялық бағдарлама бойынша қаржыландырылды. Жобаның жалпы құны 32,5 миллиард теңгені құрайды. Белгіленген жоспарға сәйкес зауыт 2012 жылы 497,4 миллион теңгенің, ал 2013 жылы 1704,5 миллион теңгенің өнімін өндірді. Былтырғы жылдың 11 айында 2448,5 миллион теңгенің өнімі нарыққа жол тартты. Осыдан-ақ зауыттың толық қуатында жұмыс істеп тұрғанын көруге болады. Жобаның жүйіткіп кетуіне Жапонияның «Marubeni» және «Терсо», «Tоshiba», Канаданың «UraniumОnе» корпорациялары үлес қосты. Ал жабдықтар мен технология желісіне Италияның «Desmet Ballestra» компаниясының озық үлгілері қолданылды.
Уран өндіруде әлемде көшбасшылыққа шыққан Қазақстан жоғарғыда аталған зауытты іске қосу арқылы, Сыр өңірінде атомдық отын шикізатын өндіруге жаңа серпін берді. Сонымен қатар, тың жұмыс көзін ашу негізінде оған жергілікті тұрғындарды тарту, жаңа технологиямен жұмыс жасай алатын мамандарды дайындау мәселесі біршама оң шешімін тауып келеді.
«СКЗ-U» күкірт қышқыл зауытының 2014 жылы бекітілген жылдық жоспары 453 мың тонна екен. Олар межелі өнімді желтоқсан айының ортасында уақытынан бұрын орындап шықты. Сондай-ақ, қосымша 72,0 МгВТ электр энергиясын өндірсе, оның 37,0 МгВТ көлемі Жаңақорған ауданының игілігіне айналды.
Шығарылған өндірістік өнімнің қандай пайдасы бар? Шиелі және Жаңақорған аудандарында «Қазатомөнеркәсіптің» №6 кен басқармасы, «Байкен-U» және «Қызылқұм» серіктестіктері уран өндірумен айналысады. Міне, сол Қарамұрын жотасынан өндірілетін уранға қажетті қышқылды осы зауыт тауып береді. Бір сөзбен айтқанда, уран өндірісінде аса қажетті күкірт қышқылын сырттан тасымаймыз, өзіміз өндіреміз. Келешекте зауыт күкірт қышқылынан өзге ауыл шаруашылығына қажетті минералды тыңайтқыштарды өндіру арқылы өз мүмкіндігін арттыра түсуді ойластырып отыр. Жұмысты әртараптандыру бағытындағы бұл бастама да қолдарлық дүние.
«СКЗ-U» ЖШС-нің бас директоры Мәдіхан Бекжанов уран өндірісі саласында да 1991 жылдан бері еңбек етіп келеді. Бұл саланы бес саусағындай білетін, мол тәжірибелі азамат. Сондықтан зауыт құрылысын бастар кезде әлемдік тәжірибелерге сүйенді. Соған табан тіреп, жұмыстың дөңгеленіп кетуіне барынша назар салды. Кеңестік дәуірдің ескі технологиясымен жұмыс жасайтын зауыттар мен цехтардан анағұрлым сапалы және экологияға зиянсыз болуын қадағалады. Бүгінде зауыт басшысының мақсаты орындалғанын көреміз.
– Мұндай зауыт тек Италияда ғана бар. Сол жерге арнайы жұмыс тобын жіберіп, ондағы жағдайларды зерттеп көрдік. Өнім өндіру барысында ешқандай экологиялық қолайсыздықтар туындамайды екен. Ал пайдасы орасан,– дейді директор.
Ол аталмыш өндіріс орнында негізінен жергілікті халықты жұмыспен қамту мәселесінің басты назарда болуымен қатар, жастардың арасынан осы салаға қажетті мамандар дайындаудың қажеттігін айтты. Сондай-ақ, бұл тарапта нақты жұмыс жасап, жастарды жолдамамен оқуға жіберіп жатқандарын жеткізді. Жергілікті жұртты осы кәсіпке үйретіп, кәсіби шеберліктерін шыңдауға қаржы қарастырылып жатқан көрінеді. Сонымен бірге, тәжірибе алмасу ретінде мамандарды шетелдік компанияларға іссапарға жіберіп отыру да қарастырылады. Өз кезегінде бұл маманды сырттан тасымай, өз ішімізден білікті де білімді кадр дайындаудың жарқын үлгісі болмақ.
Айтпақшы, өткен жылдың қорытындысы бойынша «СКЗ-U» күкірт қышқыл зауытының бас директоры Мәдіхан Бекжанов «Өндіріс озаты» номинациясында марапатқа ие болды. Бұл – зауыт жұмысына берілген жоғары бағаның бірі деп білеміз.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы.

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03
19 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Тұлға • Кеше