26 Сәуір, 2015

Кәмшат Дөненбаева: «Бақытты болашақ, тыныштық үшін дауыс беремін» (фото)

581 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
26.04.2015 Qostanay-11ҚОСТАНАЙ. 26 сәуір. Таңертеңнен жауған жауын түс ауа сіркіреп басылған жоқ. Қолшатырын көктемнің желіне қалқалай ұстаған қостанайлықтар сайлау учаскелеріне қарай жылдамдата басып, дауыс беруге асықты. Дауыс беру түұстен кейін де толастаған жоқ. Сағат 16. 00  кезінде облыс тұрғындарының 80 пайызы дауыс беріп үлгерді. Бұл туралы  egemen.kz тілшісі хабарлады. 26.04.2015 Qostanay-12Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның  еңбек сіңірген  көлік қызметкері, КСРО –ның құрметті теміржолшысы, Қостанай облысының құрметті азаматы Бертран Рубинштейн №21 сайлау учаскесіне  келді.  Қостанайдағы көпті көрген, құймақұлақ ақсақалдардың бірі Бертран Иосифовичті де соңғы жылдары кәрілік басына бастады. 93-ке қараған қария қазір қызы, филология ғылымдарының докторы Елена Иосифовнаның сүйемелдеуімен жүреді. Ол бюллетенін алып, өз таңдауын жасады. 26.04.2015 Qostanay-13Ұлы Отан соғысының ардагері Бертран Рубинштейн:«Жасым тоқсаннан асты. Өмірді қиын күндермен бастадық. Ұлы Отан соғысына қатыстық, аман елге келген соң еңбекке араластық. Кеудемде жаным барда елдің тыныштығы, бақыты үшін қалай үнсіз отырамын? Өз дауысымды беріп, азаматтық  ұстанымымды таныттым. Айналадағы отты көріп отырған қазақстандықтар қазір тек тыныштықты тілейді. Мен де соның бірімін» деді. 26.04.2015 Qostanay-10№31 сайлау учаскесіне Еңбек Ері, атақты механизатор Кәмшат Дөненбаева дауыс беруге келді.  Біраздан бері денсаулығы сыр беріп жүрген  Кәмшат Байғазықызын ұлы Асқар мен немересі Алтынай алып келді. Кәмшат апа: «Бүгін елімізде ерекше күн деп айтуға болады. Мемлекетіміздің  басшысын таңдап, сайлап аламыз. Еліміз дамуы және балалардың болашағы  даңғыл,  елде  тыныштық болуы үшін де мемлекет басшысын сайлауға жұртшылық аса жауапкершілікпен қарауы тиіс.  Мен денсаулығыма байланысты  түстен кейін келдім, соның өзінде  сайлау учаскесіне ағылған адамда есеп жоқ. Шүкіршілік, бәрі де елдің бірлігінің арқасы»  деді. 26.04.2015 Qostanay-14№ 60-шы сайлау учаскесіне дауыс беруге келген қала тұрғындары өз таңдауын жасағаннан кейін дереу кетіп қалған жоқ.  Педагогика  колледжінің  ұжымы сайлаушылар үшін  студенттердің қолөнер көрмесін жасап қойыпты.  Оны қызықтамаған сайлаушылар кемде-кем. Студенттер сайлау учскесінің ауласында  флеш-моб биледі. Ол осы сайлау учаскесінде болған шетелдік байқаушыларға да ұнапты. ТМД байқаушылар миссиясының мүшесі Лапатинская Галина:Таңертеңнен бері бірнеше сайлау учаскесіне бардық. Адамдардың белсенділігіне таңғалғанымызды жасыра алмаймыз. Ешқандай ереже бұзу, кемшілік байқалмады, барлығы да мерекедегідей көңілді» деді. Түстен кейінгі сағат 16.00 шамасында облыстық сайлаушылар комиссиясы облыс сайлаушыларының 80 пайыздан астамы дауыс бергенін мәлімдеді. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz