26 Сәуір, 2015

Ақтөбе облысында сайлаушылардың 70,1 пайызы дауыс берді (фото)

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
55АҚТӨБЕ. 26 сәуір. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы Ақтөбе облысында белсенді өтуде. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. №61 сайлау учаскесінде сағат 15:30-ға дейін тіркелген 2 130 сайлаушының 1 831-і дауыс беріп үлгерген. Ал №38 сайлау учаскесіндегі Ресейден келген ТМД миссиясының байқаушысы, Орынбор облысы үкіметінің вице-губернаторы, ішкі саясат бөлімі төрағасының орынбасары Олег Димов сайлаудың ұйымшылдықпен, таза және әділ өтіп жатқанын айтты. Ол өз сөзінде облыстың экономикалық дамуына да оң баға берді. Сонымен қатар, қалалық оқушылар сарайындағы №77 сайлау учаскесінде болған халықаралық байқаушы, Польшадан келген Адам Маршалек те сайлау туралы оң пікір білдірді. Жалпы, облыс бойынша сағат 15:30-ға дейін сайлаушылардың 70,1 пайызы дауыс беріп үлгерген. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, сурет: egemen.kz. 33 22