12 Маусым, 2015

Үндістан мүмкіндіктеріне үміт артқан сапар

492 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10-11 маусымда «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин бастаған Қазақстан теміржол­­­шыларының делегациясы жұмыс сапарымен Үндістанда болды. А.Мамин Үндістанда болған кезінде осы ел теміржол, су жолы және автожол министрліктерінің басшылығымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың баспасөз қызметі.

asqar

Кездесулер кезінде «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізін есепке ала келгенде, екі ел арасындағы көлік әлеуетін айқындау мә­се­лелеріне және Үндістан мен Еуразия құрлы­­ғының аса ірі рынок­тары ара­сын­дағы тауар ағынын қамтамасыз ететін тиімді логистикалық тіз­бек құрудың мүмкіндіктерін қарастыруға баса назар аударылды. Мәселен, Асқар Маминнің Үндістанның Су жолы және автожол министрі Нитин Гадкаримен және Темір жол министрі Суреш Прабхумен кездесулері кезінде екі ел арасындағы көліктік ынтымақтастықты дамытудың перспективалары талқыланып, «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлі­зінің бір бөлігі ретінде «Қазақ­стан – Түрікменстан – Иран» теміржол дәлізінің зор әлеуетін пайдалану арқылы тауарлар қозғалысын жеңілдетуге жағдай туғызатын уағдаластықтарға қол жеткізілді. Бұдан бөлек, 80-нен астам өнер­кәсіптік және көліктік қауым­дастықтардың басын біріктіретін Үндістанның Сауда-өнеркәсіп палатасы федерациясының офисінде осы ел бизнес-топтары үшін өңірде экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асырудың логистикалық мүмкіндігіне арналған тұсаукесер өткізілді. Мундра теңіз портында болған кезінде Қазақстан теміржолының делегациясы даму жобаларымен танысып, ірі логистикалық компаниялармен келіссөздерге қатысты.

Сурет: alashainasy.kz

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20