Фото: instagram.com/levy_bereg_astana
Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 20 шілдеде Екатеринбург-Алматы тасжолында болған.
«Бұған дейін HOWO жүк көлігінің жүргізушісі қашықтық пен жылдамдықты сақтамай, бағдаршамда тұрған үш көлікпен соқтығысқаны анықталды. Оқиға салдарынан түрлі дене жарақаттарымен бес адам Астана қаласының ауруханасына жеткізілді», деп хабарлады ведомстводан.
Полицейлер оқиғаның Ақмола облысы Айдарлы ауылының маңында болғанын айтты.