Фото: Облыс әкімдігі
Өңір әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаевтың төрағалығымен шағын орта бизнес субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындардың өтемақысын анықтау жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті.
Комиссия 6 объектіні (Ақтөбе қаласы және Темір ауданында орналасқан) қанағаттандыру және 63,5 млн теңге көлеміндегі залалды төлеу туралы шешім қабылдады.
Хабарламада: «Комиссия жұмысының барлық уақытында 22 кәсіпкер өтініш білдіріп, 17-сі 230,7 млн сомасына залалды өтеуге мақұлдау алды», делінген.
Облыста тасқыннан 69 субъект шығынға ұшыраған. Естеріңізге салайық, өтемақы алуға өтініштер осы жылдың 30 қарашасына дейін қабылданады.