Фото: primeminister.kz
Бұл ауылда қираған үйлердің орнына бір пәтерлі 90 тұрғын үй салынып жатыр. Іргетас құрылысы бойынша жұмыс толығымен аяқталған. Бүгінгі таңда 34 үйдің қабырғасы тұрғызылып, 56 үйдің төбесі жабылып жатыр. Нысандардың жалпы дайындығы 50%-ға жетеді.
Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша құрылыс учаскесінде жұмыс істейтіндердің саны 30%-ға артқан еді. Қазіргі уақытта нысандарда 288 адам жұмыс істейді. Жұмыс кестеге сай жүргізіліп жатыр.
Қоржын ауылында 6 мердігер ұйым жұмыс істейді. Олжас Бектенов құрылыс-монтаждау және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде бекітілген құрылыс нормаларының талаптары бұзылған жағдайда құрылыс компаниялары жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Премьер-министр құрылыс-жөндеу жұмысы барысында отандық өндіріс материалдарын пайдаланудың маңызына да тоқталды.
Ауылда қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан 400 орынға арналған мектеп бар. Сонымен қатар жаңа үйлердің болашақ тұрғындары үшін балалар алаңы салынады.
«Жұмыста кемшіліктер болмауы керек. Мемлекет басшысы үйлердің тиісті сапасын қамтамасыз етуді тапсырды. Тұрғын үйлерді барлық инженерлік желілерге бірден қосу қажет. Бұл ретте жол инфрақұрылымы мен әлеуметтік нысандарды тезірек қалпына келтіруді қамтамасыз ету маңызды. Ауруханалар, мектептер мен балабақшалар сапа мен техникалық жарақтандырудың заманауи талаптарын ескере отырып салынуы керек», деді Олжас Бектенов.
Премьер-министр жауапты министрліктер мен әкімдікке бірқатар тапсырма жүктеді.